«Терезеден лақтырмақшы болған»: Ақтауда ер адам бұрынғы әйелін 2,5 сағат бойы ұрып-соқты
Коллаж: Orda.kz
Ақтауда ер адам бұрынғы әйелін соққыға жықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ақтаулық блогер Азамат Сәpсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Блогерден соққыға жығылған келіншек көмек сұраған. Әйелдің айтуынша, ер адам қаладағы тұрғын үй кешенінің бірінде бұрынғы әйелін екі жарым сағат бойы ұрып-соғып, тұншықтырған. 17-қабаттан лақтырамын деп қорқытқан.
Әйел айқайлап көмек сұрағанымен, тұрғындар полиция шақыруға асықпапты. Ер адам қашып кеткен. Әйел таңертең полицияға арыз жазған. Әйелді соққыға жыққан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Әйел күйеуімен жүйелі түрде таяқ жегені үшін ажырасқан. Бірақ бұған дейін полицияға арыз жазбаған екен. Жәбірленуші бұл жағдай тағы қайталанады деп қорқып, халық алдына шығуға бекінген.
Айта кетейік, сәуір айында ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаевқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалған ақпарат таратқаны үшін айып тағылған еді. Сонымен қатар 2024 жылы желтоқсанда Ақтау маңындағы ұшақ апатының орнын суретке түсіргені үшін осы блогерді полиция ұстап әкеткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық