Ұшақ апатын түсірген фотограф Азамат Сәрсенбаевты полиция ұстады
Фото: Facebook / Азамат Сәрсенбаев
Фотограф Азамат Сәрсенбаев өзінің Facebook парақшасында полиция ұстағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ұсталуына Ақтау маңындағы ұшақ апаты орнын суретке түсіруі себеп болған болуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиғаның толық мән-жайы әзірге белгісіз, бірақ бұл ақпарат әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Қолданушылар баспасөз еркіндігі мен оқиға туралы мәліметтерге қол жеткізу мәселесіне алаңдаушылық білдіруде.
«Ұшақ апатын түсіргенім үшін ұстаған болуы керек. Қазіргі кезде әлемдік БАҚ өкілдері: Reuters, Guardian, BBC, Lemondefr т.б. менің суреттерімді жариялап жатыр» деп жазды Сәрсенбаев.
Orda.kz тілшісіне полиция Сәрсенбаевтың «қоғамдық тәртіпті бұзғаны» үшін ұсталғанын мәлімдеді.
«Ол оқиға орнында дрон ұшырып, құтқарушылар мен тергеушілердің жұмысына кедергі келтірген және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Қазіргі уақытта құқық бұзушы полиция басқармасына жеткізілді, оған қатысты заңнамаға сәйкес шара қолданылатын болады», деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.
Еске сала кетейік, 25 желтоқсан күні болған әуе апаты салдарынан 14 адам, соның ішінде екі бала жарақат алған болатын. Қазіргі уақытта апат орнында құтқару жұмыстары мен тергеу жүріп жатыр.
Orda.kz оқиғаның бақылап, жаңа мәліметтерді ұсынып отырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық