Телефоны мен Telegram-ды тексерген: Әнші Нұрбек Айқынбаев Алматы полицейлеріне шағымданды
Фото: Kөрнекілік үшін
Полиция әншінің патрульдеу кезінде қызметкерлердің күдігіне іліккенін мәлімдеді. Ал өнер иесінің айтуынша, оны таксимен келе жатқан жерінен тоқтатып, жеке заттарын тексерген. Кейін смартфонын қарап, Telegram желісін ашқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Айқынбаев видео жариялады. Видеодан такси жүргізушісінің жолаушыны қорғап, полицейлерден оның телефонын қандай негізде тексеріп жатқанын сұрағанын естуге болады.
Әнші Нұрбек Айқынбаев та наразылығын білдіріп, полицейлердің не себепті оның жеке хат-хабарларын оқып отырғанын түсінбегенін айтты.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, Айқынбаев қаланы патрульдеп жүрген қызметкерлердің күдігін тудырған.
«Оның жеке заттарына көзбен шолу жүргізілді. Тыйым салынған заттар мен заттай дәлелдер табылған жоқ. Тексеруден кейін ол жіберілді. Қызметкерлер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында жұмыс істеді», деп хабарлады департамент.
Алайда полиция Айқынбаевтың нақты қандай әрекеті күдік тудырғанын және оның телефонындағы ақпаратты қандай негізде тексергенін нақтыламады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық