Су күніне екі сағат қана беріледі: Ақши тұрғындары 10 жылдан бері мәселенің шешілуін күтіп жүр
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Алматы облысы Іле ауданының Ақши ауылында су мәселесі тұрғындарды әбден қажытқан. Ауыл халқының айтуынша, бұл проблема бір-екі жыл емес, кемінде бес жылдан бері шешілмей келеді. Ал кей тұрғындар су тапшылығының зардабын он жылға жуық уақыттан бері тартып отырғанын айтады. Ауыл тұрғындары Orda.kz редакциясына хабарласып, көмек сұрады.
Су күніне екі рет беріледі
Ақши ауылында су күніне екі рет – таңертең және кешке екі сағаттан ғана беріледі. Тұрғындардың сөзінше, осы уақыт ішінде су жинап үлгергендер қажеттілігін өтейді, ал үлгермегендер сусыз қалады.
Ақши ауылының тұрғыны Жақсыгүлдің айтуынша, ауылда су мәселесі ол 2019 жылы көшіп келгеннен бері бар.
«Ақшиде өмірі су жоқ. Құбыр не жасалып, не жамалып бітпеді. Таңертең су беріледі дегенмен, ол уақытында берілмейді. Келген суды насосы бар үйлер алып қояды, кейбір үйге ол су жетпейді. Өзім 2019 жылы көшіп келгенмін, содан бері осы проблема», дейді ол.
Тұрғындардың айтуынша, ауылға күн сайын су таситын көліктер де қатынайды. Алайда суды бірінші болып алғандар қажеттілігін өтегенімен, егде жастағы адамдардың кейде су алуға мүмкіндігі болмай қалады.
«Қыста да жарылады, жазда да жарылады. Бау-бақша да екпейміз. Жалпы бұл проблеманың болғанына 10 жылдай болды», дейді Ақши тұрғындары.
Су құбыры 1972 жылы салынған
Ауыл әкімі де Ақшидегі су мәселесінің күрделі екенін мойындайды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта су құбырларын жөндеуге қатысты 68 млн теңгеге жобалық-сметалық құжат дайындалған. Күрті ауылдық округінің әкімі Ғабит Рахымбайдың айтуынша, Ақшиға су 72 шақырым жердегі Қараой ауылынан келеді. Қолданыстағы су құбыры 1972 жылы салынған.
«Су Ақшиге 72 шақырым жердегі Қараой ауылынан келеді. Ол құбыр 1972 жылы салынған, елу жылдан асып кетті. Қазір су жетіспейді. Қыста күніне 300 текше метр су ішек, жазда 800 текше метр су жетпей жатыр», дейді Ғабит Рахымбай.
Қараой ауылынан тәулігіне 1500 текше метр су шығады. Алайда оның тек 800 текше метрі ғана Ақшиға жетеді.
Әкімнің айтуынша, тұрғындарға суды күніне үш рет беруге тырысқанымен, қолданыстағы құбырдың жағдайы оған мүмкіндік бермейді.
«Күніне үш уақыт су берейік деп ек, бірақ жеткізе алмадым. Бұған дейін бұл су құбырлары су министрлігінің балансында болған, қазір екі ай болды облыстық әкімдік балансына өтті. Бұған дейін қаражат болмады. Келесі жылы «Құрылыс жылы» аясында осы Ақшидың су мәселесі шешіледі», дейді әкім.
Ақши бірнеше жыл сусыз қалған
Ақши бұған дейін аудан орталығы болған. Алайда елді мекеннің аудан орталығы мәртебесі 1997 жылы жабылғаннан кейін ауыл біраз жыл бойы сусыз қалған. Тұрғындар ұзақ уақыт бойы құдықтың суын пайдалануға мәжбүр болған.
Күрті ауылдық округінің әкімі кейін су құбырының жалғанып, жөнделіп, қайта іске қосылғанын айтады. Бірақ соңғы жылдары ескі құбырдың жиі жарылуы жағдайды қиындатып отыр.
«Содан жалғап, жамап жүріп су құбыры қайта іске қосылды. Соңғы 4-5 жылда құбыр жиі жарылатын болды. Баяғыда 1972 жылы геологтар жерасты суын қазып, бірақ мүлдем жарамайды деп шешім шығарған. Сол себепті 70 шақырым жердегі Қараойдан құбыр тартуға тура келген», дейді Күрті ауылдық округінің әкімі.
Құбырды толық қалпына келтіруге 7,4 млрд теңге қажет
Қазір Ақши ауылындағы су құбырын толық қалпына келтіру үшін 7 млрд 400 млн теңге қажет.
Тұрғындар үшін су мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Ал жергілікті әкімдік ескі құбырды жаңарту арқылы ауылдағы су тапшылығын шешуді жоспарлап отыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық