Тегеранда Хаменеидің келіні мен күйеу баласы мерт болды: Қаза тапқандар саны 200-ден асты
Фото: bbc.com
Тегеран қаласында Иранның жоғарғы көшбасшысы Аятолла Әли Хаменеидің келіні мен күйеу баласының қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Orda.kz РИА новости-ге сілтеме жасап.
Бұл мәлімет АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған соққылар аясында жария болды. Биліктегілер көшбасшының отбасы мүшелерінің қазасын ресми растамады, жоққа да шығармады. Марқұмдардың нақты аты-жөні де аталмады.
Иранның Қызыл Жарты ай қоғамының мәліметінше, аталған соққылар салдарынан кемінде 201 адам қаза тауып, 747 адам жараланған.
Сонымен қатар, Иранның Ислам революциясы күзетшілер корпусы (ИРКК) Тегеранның АҚШ базаларына жасаған зымыран шабуылдарынан кем дегенде 200 америкалық сарбаз жарақат алып, қаза тапқанын мәлімдеді.
Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчидің айтуынша, америкалық және израильдік күштердің шабуылдары салдарынан бейбіт тұрғындар жапа шегуде.
«Менің білуімше, Аятолла Али Хаменеи және президент Масуд Пезешкиан тірі. Барлық жоғары лауазымды шенеуніктер аман», — деді ол.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық