Иран «өзін қорғауға заңды құқығы» бар екенін мәлімдеді
Иранның сыртқы істер министрлігі Парсы шығанағы елдеріне үндеу жасап, Иранның «өзін-өзі қорғауға заңды құқығы» бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи елдің өзін-өзі қорғау құқығы аясында барлық әскери құралдарын пайдаланатынын айтты.
Мәлімдемеде Арагчи Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар, Кувейт, Бахрейн және Ирактағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлескені айтылған. Ол Иранның аумақтық тұтастығын қорғау үшін «өзін-өзі қорғауға заңды құқығы шеңберінде барлық қорғаныс және әскери мүмкіндіктерін» қолданатынын жеткізген.
Сондай-ақ Арагчи аталған елдерге АҚШ пен Израильдің шабуыл жасау үшін олардың нысандары мен аумақтарын «заңсыз пайдалануының алдын алу жауапкершілігін» еске салды.
Біріккен Араб Әмірліктері мен Иран соққылар салдарынан қаза тапқандар бар екенін мәлімдеді. Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласындағы (Хормозган провинциясы) қыздарға арналған мектептің 24 оқушысы қаза тапқанын, сонымен қатар 40 адам қайтыс болып, 48 адамның зардап шеккенін IRNA хабарлады. Ал Tehran Times жергілікті билікке сілтеме жасап, 24 адамның көз жұмғанын жазды.
Жаңалықтар
- Қазақстанда миллион теңгеден асатын жалақыны кімдер алады?
- Еліміздің ірі үш қаласында ауа температурасы +48 градусқа дейін ысиды
- Президент тапсырмасы: «Алматы – Қаскелең» жолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
- Екі аптада 33 мың жедел жәрдем: Алматылықтар аптап ыстықпен қалай күреседі?
- Стамбұл соты Биньямин Нетаньяхуды қамауға алуға халықаралық ордер шығарды
- Ақтөбеде кісі өлтіріп, денесін қоқыс алаңына тастаған адам 14 жылға сотталды
- Бюджетке 730 миллиард теңге салық неге түспеген?
- Құрылтай сайлауына жеті партиядан кандидаттар тізімі қабылданды
- Тоқаев заңға қол қойды: Суррогат ана қызметі мен мәслихатта не өзгерді?
- Стамбұлдағы адам өлімі: Үш елде арнайы операция өтті
- СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам зардап шекті, оның алтауы бала
- Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерге ақы енгізу ұсынысынан айнып қалды
- Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға 34,3 млрд теңге бөлінді
- Жамбыл облысында аурухана қызметкерлері кәріз құдығына түсіп, екі адам қаза тапты
- Қырғызстан мұнай мен мұнай өнімдерін елден шығаруға уақытша тыйым салды
- Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
- Атырауда қайын жұртын қырып салған күйеу бала өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Абай облысында пышақталған қыздың мәйіті табылды
- МӘМС-пен тегін жасалатын ота үшін 8 млн теңге алған хирургтің ісі сотқа жолданды
- Астана маңындағы демалыс базасында ер адам өлім аузынан қалды