Тегеран орталығында 60 табыт: Иранда Израильмен қақтығыста қаза тапқан генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді
Би-Би-Си бейнесінен скриншот
Израильмен 12 күнге созылған қақтығыстан кейін Тегеранда 60-қа жуық адам, оның ішінде жоғары лауазымды әскери қызметкерлер мен ядролық ғалымдар жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Orda.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Жерлеу рәсімі Иран астанасының орталығындағы Энгелаб алаңында өтті. Мемлекеттік туға оралған табыттардың айналасын мыңдаған қара жамылған қайғылы жұрт қоршап тұрды. Адамдар қаза тапқандардың суреттерін ұстап, Израильге қарсы ұрандар айтты. Жерленгендердің қатарында — Иран Қарулы күштері Бас штабының бұрынғы басшысы, генерал Мохаммад Багери де бар.
Қаралы шараға Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) бас қолбасшысы Хосейн Салами, сондай-ақ ядролық саладағы бірқатар ғалымдар, соның ішінде Тегеран Азад университетінің жетекшісі Мохаммад Мехди Тегеранчи қатысты. Қара жамылған жұрт иран туын, қаза тапқандардың портреттерін ұстап, ұрандатты.
Қақтығыс осы аптада АҚШ араласаннан кейін тоқтады. Америкалық күштер Иран аумағындағы бірқатар маңызды ядролық нысандарға соққы жасады.
«Егер барлау деректері Тегеранның уранды қауіпті деңгейге дейін байытуды көздейтінін растаған жағдайда, АҚШ «міндетті түрде» қайталама шабуылдарды қарастырады», — деп мәлімдеді Дональд Трамп.
Трамп өз платформасы Truth Social желісінде:
«Соғыс жайлаған Иранның аталған «Жоғарғы көшбасшысы» аятолла Әли Хаменеидің Израильмен соғыста жеңіске жеттік деп ашық әрі ақымақтықпен мәлімдеуі қалай мүмкін? Ол өзі бұл сөзінің жалған екенін жақсы біледі» деп жазды.
Сондай-ақ Трамп Хаменеи туралы:
«Мен оның қайда жасырынғанын білемін. Мен оны өте ұсқынсыз әрі масқара өлімнен құтқарып қалдым», — деп мәлімдеді ол.
Бұл мәлімдемеге Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи жауап беріп, мұндай сөздер «құрметсіздік» әрі кез келген келіссөз процесін тоқтатуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, Тегеран қорқыту мен ашық қорлауға шыдамайды. Сонымен бірге, Арагчи АҚШ пен Израильдің шабуылдары Иранның ядролық инфрақұрылымына «аса ауыр және елеулі» зиян келтіргенін мойындады.
АҚШ-тың Иранға жасаған әуе шабуылдарына әлемнің қалай көзқарас танытқанын біз бұған дейін жазған едік.
14 маусымда Израильдің Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) 200-ден астам ұшақ пен 330-дан астам оқ-дәрілерді қолданып, Ирандағы 100-ден астам нысанға, соның ішінде ядролық нысандарға соққы берді.
Оған дейін Иран СІМ делегациясы еуропалық сыртқы істер министрлерімен Женевада келіссөз жүргізді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық