Иран Израильге жауапты соққы жасады:Тель-Авивке зымырандар атылды
Тель-Авив, скриншот: әлеуметтік желілерден видео
Израильдің Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) 200-ден астам ұшақ пен 330-дан астам оқ-дәрілерді қолданып, Ирандағы 100-ден астам нысанға, соның ішінде ядролық нысандарға соққы бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
13 маусым күні кешке ЦАХАЛ Ираннан Израиль бағытына қарай шамамен 100 баллистикалық зымыран ұшырылғанын тіркегендерін хабарлады, жарылыстар Тель-Авив пен оның маңында болған.
Newsru басылымы жарылыстар мен зымырандарды ұстап қалу әрекеттері Ашдодтан (оңтүстікте) Хайфаға (солтүстікте) дейінгі аумақта тіркелгенін хабарлайды. Осындай жарылыстар Иерусалимде де естілген. ЦАХАЛ Израильге тағы бір зымыран соққысы жасалғанын растады.
Тель-Авив, видео: әлеуметтік желілер
«Қорғаныс жүйелері қауіптің алдын алу үшін жұмыс істеп жатыр. Халықтан қорғалған орындарға жасырынуды және қосымша нұсқауларға дейін сонда қалуды сұраймыз» деп жазылған ЦАХАЛ мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, бүгін Иранда, оның ішінде Тегеран мен Фордо ядролық объектісі маңында да жарылыстар туралы хабарламалар түскен. Reuters агенттігінің мәліметінше, Израиль Әскери-әуе күштері Ирандағы зымыран қондырғылары мен инфрақұрылымдарына шабуыл жасауды жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Натанздағы уран байыту зауыты мен Исфахандағы ядролық нысанға соққы берілген.
Видео: әлеуметтік желілер
Tasnim агенттігі Иранның Атом энергиясы ұйымының өкілі Бехруз Камальвандидің сөзін келтіреді:
«Бақытымызға орай, құрбандар мен елеулі зақымдану туралы мәлімет жоқ. Зақымның көп бөлігі – үстіртте. Натанз бен Фордо нысандары жер астында терең орналасқан».
Израильдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Цахи Ханегби Израиль бұл операцияны Иранды ядролық бағдарламасын тоқтатуға мәжбүрлеу үшін бастағанын мәлімдеді. Ол бұл шабуылдардың елдің барлық ядролық нысандарын толық жоюға жеткіліксіз екенін де атап өтті.
Ханегбидің айтуынша, қазіргі уақытта Израиль соққылары Иранның саяси басшылығын, соның ішінде Жоғарғы көшбасшы Сейед Али Хаменейиді жоюға бағытталмаған. Алайда Ynet басылымының хабарлауынша, Израиль операциясының алғашқы соққысы барысында Иранның бірқатар жоғары әскери басшылары, оның ішінде Иран Бас штабының бастығы, Ислам революциясы сақшылары корпусының қолбасшысы және оның Әскери-әуе күштерінің қолбасшысының көзі жойылған.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху видеоүндеуінде Иранның ядролық бағдарламасына қарсы операция әзірлеу туралы нұсқау 2024 жылғы қарашада берілгенін айтты.
«Бұл нұсқау «Хезболла» жетекшісі Хасан Насралла өлтірілгеннен кейін көп ұзамай берілді», – деді ол.
Израиль премьерінің айтуынша, Иран ядролық бомба жасауға ұмтылатыны белгілі болған, өйткені Тегеран жай уран байытудан бөлек, ядролық қару жасауға бағытталған нақты қадамдар жасаған.
Нетаньяху бастапқыда операцияны 2025 жылғы сәуірдің соңына жоспарлаған, бірақ «әртүрлі себептермен» оны сол кезде іске асыру мүмкін болмаған.
Reuters агенттігіне телефон арқылы сұхбат берген Дональд Трамп Таяу Шығыста соғыс басталу қаупіне алаңдамайтынын мәлімдеп, Иранды «қорлыұ пен қырғыннан» құтқаруға тырысқанын айтты.
«Мен оларды құтқару үшін барымды салдым, өйткені мәміле жасалғанын көргім келді. Дегенмен олар әлі де келісімге келе алады, әлі кеш емес», – деді ол.
Трамптың айтуынша, АҚШ Израильдің Иранға жасаған соққысы туралы ол «бәрін білген».
Басылым хабарлауынша, АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф жексенбі күні Омандағы Иран делегациясымен кездеседі.
Жаңалықтар
- Рекордтық деңгей: Еліміздің банктері коллекторларға 1,1 трлн теңге қарыз тапсырды
- «BaiQymyz-2026»: Қымыздың көкесін кімнен аламыз?
- ӘЧ-2026: Тарихта алғаш рет әлемнің ТОП-4 құрамасы жартылай финалда
- Еуропадағы аптап ыстық 10 мыңнан астам адамның өмірін жалмады
- Air Astana Дубайға ұшатын барлық рейсін тоқтатты
- Күйген папирус алғаш рет толық оқылды: Антикалық кітапхана құпиясы ашылуда
- Ираннан келген итбалықтар Ақтауда қырылып жатыр ма?
- Үш күннен бері Астана қоқыс полигонындағы ірі өртті сөндіру мүмкін болмай отыр
- Астана маңында көлік карьерге батып, екі бала қаза тапты
- Бес жылдан кейін оралған Конор Макгрегордың жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
- ӘЧ-2026: FIFA финал өткен алаңды бөлшектеп, сатылымға шығарды
- Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Астана–Дубай рейсі кері қайтты
- Петропавлда есірткі тасымалдаушы полициядан қашамын деп дүкенді талқандады
- Иран Ормуз бұғазына шығатын жолды қайта бұғаттады
- Дархан Сатыбалды: Биыл 11 мыңнан астам мұқтаж азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсарады
- Президент Райымбек ауданы тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
- Гонконг әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашады
- Бишімбаев ісімен танылған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті
- 200 жер телімі алынады: Үлкен Алматы айналма жолына алты жолақты магистраль қосылады
- Қонақүйдегі жанжал: Қайрат Нұртас қыз зорлады деген ақпарат расталмады