АҚШ-тың Иранға жасаған әуе шабуылына әлемнің көзқарасы
Фото: Ақ үй
АҚШ әскери-әуе күштерінің Иранға жасаған шабуылынан кейін бірінен соң бірі әлем көшбасшылары, халықаралық ұйымдар мен ведомство басшылары өз пікірлерін білдірді. Orda.kz олардың ең маңыздыларын жинақтап ұсынды.
АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға жасаған соққыларын Куба президенті Мигель Диас-Канель айыптады.
«АҚШ-тың бомбалау әрекеті – Таяу Шығыстағы қақтығыстың қауіпті шиеленісуі. Бұл агрессия. БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықты өрескел бұзу және адамзатты қайтымсыз салдары бар дағдарысқа итермелейді» деп жазды ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Чили президенті Габриэль Борич те адамзаттың қолындағы билік оны ережелерді бұзып қолдануына құқық бермейтінін мәлімдеді.
«Ядролық станцияларға шабуыл жасауға халықаралық құқық арқылы тыйым салынған. Чили бұл АҚШ-тың шабуылын айыптайды», – деді Борич X әлеуметтік желісінде.
АҚШ соққыларын Ирак үкіметі де айыптады. Бағдат осындай шабуылдар жалғаса берсе Таяу Шығыс елдері үшін қауіпті шиеленіске және қиын салдарға әкелуі мүмкін деп санайды, деп хабарлайды INA агенттігі.
Еуропалық Одақтың сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Кайя Каллас та АҚШ әскери-әуе күштерінің әрекетін айыптады.
«Мен барлық тараптарды шегінуге, келіссөз үстеліне қайта оралуға және әрі қарайғы шиеленістің алдын алуға шақырамын» деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
Колумбияның Сыртқы істер министрлігі де АҚШ пен Иранды «жедел түрде келіссөздер жолына оралуға» шақырды. Мексика Сыртқы істер министрлігі де дипломатиялық диалогты қолдайтынын мәлімдеді.
Йемендегі хуситтер басшылығының мүшесі АҚШ-тың Иранға жасалған соққылары үшін жауап беретінін айтып, 2025 жылдың мамырында жасалған бітімнің тоқтатылғанын мәлімдеді. The Times of Israel басылымының жазуынша, ХАМАС та АҚШ-тың шабуылдарын айыптады.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ-тың Иранға жасаған соққылары аймақ үшін қауіпті шиеленіске алып келетінін және бейбітшілікке тікелей қауіп төндіретінін мәлімдеді.
«Осы қауіпті сәтте хаос шеңберінен аулақ болу аса маңызды. Әскери шешім жоқ. Алға жылжудың жалғыз жолы – дипломатия. Жалғыз үміт – бейбітшілік», – деді ол.
Оның пікірінше, Таяу Шығыстағы қақтығыс тез арада бақылаудан шығып, апатты салдарға әкелуі мүмкін.
АҚШ Сенатындағы аз ғана демократтар жетекшісі Чак Шумер Трампты Иранға қатысты әрекеттері үшін Конгресс алдында түсінік беруге шақырды.
Иранның Жоғарғы көшбасшысы Хаменейдің аға кеңесшісі келесідей мәлімдеді:
«Енді кезек бізде – Бахрейндегі АҚШ ӘТК кемелеріне зымыран ұшырып, бір мезгілде Ормуз бұғазын АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Франция үшін жабамыз».
Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Трамптың шабуыл жасау туралы шешімін «батыл қадам» деп атап, «Трамптың көшбасшылығы Таяу Шығысты болашақтағы өркендеу мен бейбітшілікке апаратын тарихи қадам жасады» деп мәлімдеді.
22 маусым күні АҚШ әскери-әуе күштері Иран аумағындағы үш ядролық нысанға – Фордо, Натанз және Исфахан қалаларына әуе шабуылдарын жасады. Кейін Дональд Трамп халыққа үндеу жасап, операцияның сәтті өткенін мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Иранға қарсы әскери әрекеттері Каспий маңы мемлекеттері үшін қауіпті екенін атап өтті. Ведомство мұндай әрекет халықаралық жағдайдың күрт нашарлауына түрткі болатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Жетісу облысында болған жол апатынан 11 адам ауруханаға түсті
- Мұхтар Шаханов өмірден өтті
- АҚШ делегациясы Иранмен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысу үшін Исламабадқа келді
- Алматыда 200-ден астам тұрғын құлағалы тұрған үйлерінен жаңасына көшті
- Almaty Half Marathon-на әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысты
- Қазақстандық спортшылардың осы аптадағы жетістіктері
- Астананың көлік жүргізушілері эвакуатор шақыру мен арнайы тұрақ ақысын өздері төлейтін болды
- Иран СІМ: Еуроодақтың өзі АҚШ пен Израильдің әскери қылмыстарын қолдап отыр
- Атырауда бөтен құжатпен 19 несие алған адам сотталды
- Солтүстік Қазақстанда 7,7 гектар орман алқабы өртенді
- Алматыда жол бойында өсіп тұрған ағаш автокөліктің үстіне құлады
- Сарбаздар мен әскери қызметшілерге телефон қолдануға рұқсат берілді
- Маңғыстауда жауған нөсер мен дауылдан жүздеген жылқы қырылды, ұсақ мал да бар
- КХДР Жапон теңізі бағытына бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды — БАҚ
- Украина Назарбаевқа арналған барельефті алып тастамайтын болды
- Қазақстан премьер-лигасы матчында «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» жеңді
- Киев көшесінде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған кісі алты адамды жер жастандырды
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады