Таразда«өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан әйелге сот үкімі шықты
Фото: Ашық дереккөзден
Тараз қаласында қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзгені әйел сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тараз қаласының тұрғыны құқық қорғау органдарына өзін шабуыл құрбаны ретінде көрсеткен. Оның сөзінше, үйіне бетперде киген белгісіз ер адам кіріп, қарумен қорқытып, қолын байлап, алтын әшекейлері мен ақшасын алып кеткен. Әйелдің арызынан кейін полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, жедел қызметті іске қосқан.
Тараз қаласының №2 соты қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған ақпарат беру фактісі бойынша азаматша Н.-ға қатысты қылмыстық істі ҚК 419-бабының 2-бөлігі бойынша қарады.
Сот сотталушы Н. өзінің алтын зергерлік бұйымдарын ломбардқа тапсырып, барлық ақшаны белгісіз адамдар көрсеткен шоттарға «трейдинг оқытуы» үшін аударып жібергенін анықтады.
Кейінірек курстардың жалған екенін және ақшаны қайтара алмайтынын түсінген соң, ол қылмысты қолдан жасау арқылы өз әрекетін отбасынан жасыруға шешім қабылдады. Сотталушы келінінің алтын және гауһар зергерлік бұйымдарды жасырып, өзін скотчпен байлап, үйге белгісіз адамдар кіріп, күш қолданып, оның мүлкін иемденді деп мәлімдеді.
Біз бұл туралы Тараз тұрғыны күйеуінен алтын сатқанын жасыру үшін «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқаны туралы наурыз айының басында жазған болатынбыз.
Полиция жүргізген тергеу нәтижесінде қылмыс туралы мәлімдеменің жалған екендігі анықталды. Н.-нің кінәсі тараптардың, куәлердің айғақтарымен және тергеу әрекеттері хаттамаларымен расталды.
Прокурор сотталушыға 2 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындауды, ал сотталушы кінәсін мойындап, соттан қатаң жаза тағайындамауды сұрады.
Сот үкімі бойынша ҚК 419-бабы 2-бөлігінің санкциясы 4000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не айыру түріндегі жазаны көздейді.
Сот соттылықтың жоқтығын, кінәсін мойындауын және өкініш білдіргенін жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот үкімімен Н. ҚК 419-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 2 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз:
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- «Кінәлі болғанымды мақтан көрем!»: Ресейде Павел Дуровқа шақыру қағазы келді
- Қостанай облысында әйел TikTok пен Instagram-да есірткі дүкенін жарнамалаған
Жаңалықтар
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды
- 15 минуттық жаңбыр Астананы Венецияға айналдырды
- Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
- 73 пайызы ауыр: Біздің шенеуніктер қандай қылмысқа құмар?
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен
- Бауыры екі жерден жарылған, қабырғалары сынған: Жігітінің қолынан қаза тапқан қыздың туыстары сұмдық оқиғаны айтып берді
- Яссауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды
- Түркістанда ҰҚТ ауадан ақша жасап, жоқ фермаға мемлекеттен үш млрд несие алған
- Бас прокуратура сайлауалды үгіт ережелерін бұзғандарға айыппұл салынатынын ескертті