«Кінәлі болғанымды мақтан көрем!»: Ресейде Павел Дуровқа шақыру қағазы келді
Фото: Әлеуметтік желіден
Белгілі миллиардер әрі Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров өзіне күдікті ретінде тергеуге шақыру қағазы келгенін мәлімдеді. Құжат оның Ресейдегі жиырма жыл бұрынғы тіркеу мекенжайына жіберілген, деп хабарлайды Orda.kz.
Кәсіпкер бұл туралы 2026 жылғы 22 сәуірде өзінің Telegram арнасында жазды.
«Ресейде жиырма жыл бұрын тұрған пәтеріме «күдікті П. В. Дуровқа» арналған шақыру қағазы келіпті. Олар мені сөз бостандығын және жеке хат алмасу құқығын кепілдендіретін Ресей Конституциясының 29 және 23-баптарын қорғағаным үшін күдіктеніп отырған шығар. Ондай болса, кінәлі екеніме мақтанамын!» деп жазды Дуров.
Биылғы ақпан айында ресейлік БАҚ-тарда жарияланған мәліметке сәйкес, Telegram мессенджерінің тең құрылтайшысы Павел Дуровқа қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205.1-бабы («Террористік қызметке жәрдемдесу») бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
Ресейдің ФСБ деректеріне сүйенсек, 2022 жылдан бері Telegram платформасын пайдалану арқылы жасалған қылмыстар саны айтарлықтай өсіп, 153 мыңнан асқан. Оның 33 мыңы диверсиялық-террористік және экстремистік әрекеттермен байланысты болған. Атап айтқанда, жарылыс ұйымдастыру, әскери комиссариаттарды өртеу және кісі өлтіру фактілері тіркелген.
Ресей БАҚ-тарында жарияланған ақпаратқа сенсек, жүргізілген арнайы операциялар нәтижесінде ФСБ Telegram арқылы жоспарланған 475 террористік актінің алдын алған. Олардың ішінде кәмелетке толмағандар жоспарлаған мектептердегі 61 жаппай кісі өлтіру әрекеті болған.
Оқи отырыңыз:
- Ресей Павел Дуровқа қатысты қылмыстық іс қозғады
- «Өз халқынан именетін мемлекеттің қасіретті халі»: Дуров Ресей билігіне жауап қатты
- Павел Дуров 106 балаға мұра қалдырды, бірақ ақшаға тек 30 жылдан кейін ғана қол жетеді
- Павел Дуров: Telegram ай сайын заң бұзғаны үшін 15-тен 20 миллионға дейін аккаунтты жояды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық