Баламды ешкім ұрған жоқ: Қонаевтағы ауруханаға түскен оқушы туралы тың ақпарат мәлім болды
Фото: Instagram / Гүлмира Әбіқай
Қонаев қаласында оқушы көпірдің астында соққыға жығылып жан сақтау бөліміне түсті деген ақпарат тараған болатын. Orda.kz тілшісі Қонаев қаласына барып, мектеп директорымен және оқушының анасымен тілдесті.
Қонаев қаласында мектеп оқушысын көпірдің астында сыныптастары соққыға жығып, жансақтау бөліміне түсті деген ақпарат желіде тарады.
Ресми деректерге сүйенсек, 31 қаңтарда 9-сынып оқушысы Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына «химиялық антисептикпен улану» диагнозымен түскен. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ екенін, қазіргі таңда жағдайы тұрақты екенін айтты. Ал полиция «өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.
Желіде тараған «оқушыны соққыға жықты» деген ақпаратқа қатысты баланың анасы видеоүндеу жасады.
«31 қаңтарда ұлым ауруханаға түсті. Бірақ оны ешкім ұрып-соққан жоқ. Көпірдің астында төбелес болғаны да өтірік. Жалған ақпаратқа сенбеңіздер!», деп мәлімдеді ол.
Білім бөлімі мектеп-гимназияда тәртіптік жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрды. Мектеп директоры Гүлзат Ержанованың айтуынша, оқушы – үлгілі, тәртіпті бала.
«Сынып жетекшісі жедел жәрдем шақыртқанын айтты. Баланың автобустан жалғыз түсіп, үйіне кетіп бара жатқанын көшедегі камералар көрсетті. Сыныптастарымен де ешқандай жанжал болмаған. Оқушының өзі де "ешкім ұрған жоқ" деп отыр», – деді ол.
Мұғалімдердің айтуынша, бала көшеде кетіп бара жатып өртеніп жатқан бір затты байқап, сөндіруге тырысқан. Алайда, ата-анасы оның күйіп қалғанын көріп, біреулер ұрып тастады деп ойлаған.
Қазіргі таңда оқушы Қонаев қаласынан Алматы облысындағы балалар ауруханасына ауыстырылды. Аурухана өкілдері оқушының жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық