Мектеп оқушыларының төбелесінен қыршын өмірлер қиылып жатыр
Фото: Pixabay
Қызылорда облысында тоғызыншы сынып оқушысының өліміне күдікті ретінде тағы бір оқушы айыпталды. Кәмелетке толмаған баланы аяусыз соққыға жығып, салдарынан ол қайтыс болды деген күдікпен Қызылорда облысындағы 17 жастағы жасөспірім қамауға алынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Іске қатысты тағы екі адам бар, олардың жасы хабарланбады.
«Біз қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатырмыз, оның ішінде барлық материалдардар зерделенуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы қылмысқа қатысы бар қалған екеуінің үстінен бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалып, сот оларға қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады» деп жазылған облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Полицейлер оқиға туралы облыстық білім басқармасына хабарлаған.
Басқарма Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сілтеме жасап, басқа ақпарат бермеді.
Өткен жылы төбелес пен жанжал кезінде жасөспірімдер қаза тапқан бірнеше жағдай болды.
Осылайша, өткен жылдың мамыр айында Жамбыл облысында көшедегі әжетханада жоғары сынып оқушылары соққыға жыққан ауыл оқушысы қайтыс болды.
Сол айда Жамбыл ауданы Сарымолдаев ауылында бір топ қатарласы 16 жасар жасөспірімді өлтірген болатын. Оқушы басынан жез тұмсықпен (кастет) жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
2024 жылдың ақпан айында Қызылорда облысы Белкөл ауылында жасөспірімдер арасында жанжал болған. Біреуі екіншісінің кеуде тұсынан екі рет ұрған кезде 13 жасар бала қайтыс болды. Осы оқидан кейін жергілікті мектептің оныншы сынып оқушысы алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін Көкшетаудағы № 6 мектеп-лицейде әжетханаларға бейнебақылау камералары орнатылып, бұл жайт ата-аналар арасында қызу талқыға түскен болатын.
Сол сияқты Ақтөбедегі Қопа ауылындағы оқушы қайтыс болған мектепте әлімжеттік пен бопсалау өршіп тұрғанын жаздық. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеген еді.
Сондай-ақ полиция 2023 жылы балаларға қатысты зорлық-зомбылық бойынша 851 оқиға бойынша 660 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын, оның 392-сі сотталғанын, қалғандары бойынша тергеу мен сот процестері жүріп жатқанын айтқан еді.
Павлодар облысында мектеп жасындағы бала өзі құралыптас екі мектеп оқушысына пышақ сұғып алып, полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Қызылорда облысы Белкөл кенті орта мектебінің оқушылары тұрғын үйлердің бірінің кіреберісіне жиналып, өзара жанжалдасып, кеуде тұсынан екі рет алған жұдырықтан оқиға орнында кәмелетке толмаған оқушының көз жұмғанын да жазған едік.
Осындай соңғы кезде белең алған оқушылар арасындағы және мектепішілік төбелестерден бір-бір шаңырақтың үміт артар ұлдары қыршынынан қиылып жатқаны - қоғамдағы тәртіптің таразысы ретінде қаралатын кез келді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық