Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
Фото: pxhere.com
Талғар қаласының тұрғыны үйіне қайтып келе жатқан қызына бейтаныс ер адам тиісіп, бұтаның арасына сүйреп апарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Талғардың жеке тұрғын үйлер орналасқан бөлігінде болған. Қыз велосипедпен үйіне келе жатқан кезде жолда кетіп бара жатқан ер адам оған дөңгелегінің желі шығып кеткенін айтқан. Бала оның сөзіне сеніп, тоқтаған.
Осыдан кейін бейтаныс адам баланың аяғын сипалап, аяқ киімін шешкен. Кейін қызды көтеріп алып, бұталы жерге сүйреп апарған.
«Бір кезде ол баланы бөксесінен ұстап, күшпен бұталардың арасына алып барып, тізесіне отырғызған. Содан кейін: «Шалбарыңды шеш. Сені қарап, ол жеріңді ұстап көруім керек» деген», – деп мәлімдеді қыздың анасы.
Бала оның басқа нәрсеге алаңдаған сәтін пайдаланып, қашып кеткен. Анасының айтуынша, күдікті мас болған.
Оқиғадан кейін әйел полицияға жүгінген. Құқық қорғау органдары күдікті ер адамды ұстады. Қазір жеті жасар қыз болған жағдайдан кейін көшеге шығуға қорқып жүр екен.
Бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданының Іргелі ауылында полиция тоғыз жасар қызға қатысты болуы мүмкін жыныстық сипаттағы тиісу дерегі бойынша тергеу бастады.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер адам қызды дүкенге апарып, оған тәтті сатып алған. Кейін балаға тиісуге әрекет жасаған.
Аталған жағдай бойынша да полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық