Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларын уақытша тоқтатты
Фото: gov.kz
Бұл туралы Сенаттағы брифингте сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов мәлімдеді. Оның айтуынша, елдің әскери жағдайға байланысты көптеген жобалар тоқтатылған, деп хабарлайды Orda.kz.
Олардың қатарында астық жеткізу және азық-түлікпен өзара сауда жобалары бар.
«Осыған байланысты, менің ойымша, қазіргі таңда біздің бизнес пен кәсіпкерлер күту режимінде тұр… Қазақстан үлкен шығынға ұшырап отырған жоқ, өйткені жобалардың көлемі ел экономикасына айтарлықтай әсер ететіндей деңгейде болған жоқ. Дегенмен, Иранмен әріптестік қарым-қатынасымыз жақсы болғандықтан, белгілі бір әсері бар» ,— деді спикер.
Сонымен қатар, Исетов Иранмен ынтымақтастық көлемі ел экономикасы үшін аса маңызды болмағандықтан, Қазақстан елеулі экономикалық шығынға ұшырамайтынын атап өтті. Қазақстанның Иранмен бірлеске жобалары Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдарға байланысты уақытша тоқтатылды.
Еске салсақ, Қазақстанның Ирандағы елшілігі 1993 жылдан бері жұмыс істейді. 2007 жылдың қазан айында Горган қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылды. 2018 жылдың қазан айында Бендер-Аббас қаласында консулдық жұмыс істей бастады.
Иранның Қазақстандағы елшілігі 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Иранның бас консулдықтары Ақтауда 2009 жылғы қазанда және Алматыда 2012 жылғы тамызда ашылды.
Оқи отырыңыз:
- Иран АҚШ-тың блокадасына жауап ретінде Қызыл теңіз бен Парсы шығанағын жабатынын мәлімдеді
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды
- Иран АҚШ-тың қарулы соғысына «логистикалық соғыспен» жауап беріп, стратегиялық тығырыққа тіреді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық