Тахир Халимназаров көптің назарындағы Ербаян Мұхтаровтың ісіне сарапшылық етеді
Фото: Коллаж Orda.kz
Ербаян Мұхтардың туыстары бұған дейін Тахир Халимназаровты бұл іске қатыстыруды талап еткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Инга Иманбай Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты тергеу туралы айтты. Құқық қорғаушы іс қозғалмай жатқанына шағымданды. Оның айтуынша, тергеуші Уәлихан Қыдырбай сот-медициналық сараптамадан басқа тергеу әрекеттерін жүргізбеген.
Оқиға болғаннан бері бір жылға жуық уақыт өтті, бірақ тергеу әлі де қозғалмады. Менің қорғаушы ретінде іске қатысуымның бесінші айында тергеуші Уәлихан Қыдырбай сот-медициналық сараптамадан басқа ешқандай тергеу әрекеттерін жүргізбеді. Ол оқиға орнындағы фото, видео материалдарды және іс құжаттарын көрсеткен жоқ. Біз туындаған сұрақтарға жауап алу үшін онымен байланысуға тырысқанда ол телефон қоңырауларына жауап бермеді. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы дайын екенін және тағы қандай жағдайлар анықталғанын білу мүмкін болмай жатыр», - деді Инга Иманбай.
Құқық қорғаушы кеше, 9 қазан күні тергеушінің ісіне құқықтық баға беру және қылмыстық істі тергеу қандай сатыда тұрғаны туралы ақпарат алу үшін Бас прокуратураға шағым түсіруге мәжбүр болған.
Бұған дейін адвокат әскери прокуратураға өтініш жіберген болатын. Қыркүйек айында оған Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 440-бабының 3-бөлігі бойынша «әскери қызметшілер арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде олардың арасында денсаулыққа ауыр зиян келтірген өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу» бойынша тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеген.
Қылмыстық іс бойынша кешенді сот-медициналық криминалистикалық сараптама тағайындалды. Сондай-ақ, Ербаян отбасының өтініші бойынша сарапшылар комиссиясының құрамына Салтанат Нүкенованың жарақат алу себептері туралы қорытынды жасап, Қуандық Бишімбаевтың сотында айғақтар берген Тахир Халимназаров кірді.
«Тергеу шеңберінде Е.Мұхтарға Денсаулық сақтау министрлігінің Алматы қаласы Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті жүзеге асыратын № 12 орталық клиникалық ауруханада көрсетілген медициналық көмектің сапасына тексеру жүргізіледі» деп
әскери прокуратурада атап өтілді.
Сондай-ақ құқық қорғаушы ведомстводан «азаптау, денсаулыққа қасақана зиян келтіру және бопсалау фактісі бойынша тергеу жүргізіле ме?» деп сұрады.
"Қазіргі уақытта азаптау, өмірге қасақана зиян келтіру және бопсалау туралы баптар бойынша сотқа дейінгі тергеуді қосымша бастауға жеткілікті негіз жоқ", делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Ербаян Мұхтар әскерде әлімжеттік көріп, жансақтау бөліміне жатқызылғанын хабарлаған едік.
Ербаян Мұхтар осы жылдың тамыз айында жансақтау бөлімінен шықты.
Әскерден мүгедек болып қайтқан Ербаян емделу үшін Стамбұлға ұшты.
Ербаян Мұхтардың адвокаты тергеушіге іздеу салды.
Жаңалықтар
- Келісімшартқа қол қойылды: Михаил Шайдоровқа қатысты мәселе қалай шешілді?
- Шонжыдағы сұмдық: Жоғалған жігіттің мәйіті көміп тастаған жерінен табылды
- Жасөспірімді ұрды деген шағымнан кейін Арман Шораевқа іздеу жарияланды
- Еліміздің әр өңірінен келген 100 оқушы Ақорданы аралады
- Тоқаев: Балаларды қорғау — конституциялық міндет
- Қазақстан мен Қырғызстан полицейлері Шымкенттегі есірткі трафигінің жолын кесті
- Кипр президенті Қазақстанға алғаш рет келеді
- Жетісу облысы тұрғындарының қарсылығынан кейін құны 30 миллиард теңгелік жоба іске аспады
- Астана мен Алматыдан кейін полицияға көмекші робот-иттер Ақтауда қолданылады
- Қазақстанда бейрезидент тұлғаларға банк шоттарын ашу тәртібі өзгереді
- Ақтауда 1248 студент академиялық жауапсыздық күдігіне ілініп, 14-і оқудан шығарылды
- Балаң балағат айтса — айыппұлыңды дайында
- Токиода Азия елдеріндегі қазақ диаспорасының съезі өтті
- ШҚО-дағы KAZ Minerals компаниясының Артемьев шахтасы опырылып, кенші қаза тапты
- Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жариялады
- Ұлыбритания, АҚШ және Аустралия суасты дрон бағдарламасын іске қосты
- Ресей 2030 жылға қарай автокөліктерге алкоқұлып орнатады
- Жылжымайтын мүлікке арналған техникалық паспорт онлайн рәсімделеді
- Еліміз балаларға медициналық көмек көрсетудің гибридті моделін енгізеді
- 200 тоннадан астам зақымданған астық елге кіргізілмей, экспорттаушы елге қайтарылды