Алматыда жұмбақ жағдайда комаға түскен сарбазды басқа ауруханаға ауыстырады
Әскерге шақырылған азаматтың анасы ұлын елордаға апарудан бас тартып отыр.
Ұзақ уақыт комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтарды Алматыдағы емханадан Астанаға ауыстырады. Бұл туралы Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
«Орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлер кеңесі - қатардағы Мұхтардың ұзақ мерзімді бейтарап жағдайына байланысты, одан әрі оңалту үшін Астананың Бас әскери клиникалық госпиталіне ауыстыруды ұсынды. Тасымалдау жақын рейспен жүзеге асырылады» деп хабарлады аурухана баспасөз қызметі.
Ербаянның анасы баласының ауыр жағдайына алаңдап, оны тасымалдаудан бас тартқанын отбасы мүддесін қорғайтын адвокат Инга Иманбай айтты.
«Қазір әскерилер мен дәрігерлер бірінен соң бірі Ербаянның анасына хабарласып, ауыр халде комада жатқан ер адамды санитарлық авиацияға келіспесе, ауруханадан қуып жібереміз деп қорқытуда», - деп жазды Инга Иманбай.
Алматы қаласында орналасқан 5571 әскери бөлімінің 21 жастағы сарбазы Ербаян Мұхтар бас-ми жарақатынан кейін комаға түскен. Жас жігіт қызмет еткен бөлімшеде оның әжетханада құлап, басымен тақтайшаға соғылғандығын ата-анасына хабарлаған. Туыстары бұл нұсқаға сенуден бас тартуда.
Оrda.kz тілшілері жағдайдың мән-жайын өз назарында ұстайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық