Ербаянның ісі бойынша тергеушіге іздеу салынды
Фото: Instagram парақшасынан
Адвокат Инга Иманбай Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеу жүргізілмей жатыр деп әлеуметтік желіде тергеушіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Инга Иманбай Ербаянның ісін қолға алғалы 5 ай болды. Адвокаттың айтуынша, тергеуші Уәлихан Қыдырбай сот-медициналық сараптамадан басқа тергеу әрекеттерін жүргізбеген.
«Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеушіні іздестіріп жатырмын. Бұл қалжың емес. Өкінішке қарай, тергеу бойынша жағдай осылай қалып отыр. Оқиға болғанына бір жылға жуық уақыт өткенімен, тергеу орнынан қозғалған жоқ. Мен қорғаушы ретінде іске кіріскен бес ай ішінде тергеуші Уәлихан Қыдырбай сот-медициналық сараптамадан басқа ешқандай тергеу әрекетін жүргізген жоқ. Ол оқиға орнындағы фото, видео материалдарды және іс құжаттарын көрсеткен жоқ», – деді Инга Иманбай.
Адвокат істің мән-жайын біле алмағандықтан Бас прокуратураға шағым түсіруге мәжбүр болды.
«Іс бойынша туындаған сауалдарға жауап алу үшін хабарлассақ, телефон қоңырауларына жауап бермейді. Сот-медициналық сараптама қорытындысы шықты ма, іс бойынша басқа да мән-жайларды білу мүмкін болмай тұр. Сондықтан, кеше тергеушінің ісіне құқықтық баға беру және қылмыстық істі тергеу қандай сатыда тұрғаны туралы ақпарат алу үшін Бас прокуратураға шағым түсіруге мәжбүр болдым», – деді адвокат.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық