Стамбұл әуежайында түрік актрисасы Ханде Эрчел ұсталды
Фото: Habertürk.
Есірткі қолданды деген күдікке байланысты түрік телехикаяларының жұлдызы Ханде Эрчел Стамбұл әуежайында ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Habertürk мәліметінше, бұған дейін Ханде Эрчелге қатысты ұстау туралы ордер берілгені хабарланған. Актриса Түркияға оралғаннан кейін бірден Стамбұл сотына жеткізіліп, тергеу аясында жауап берген. Одан кейін ол сот-медициналық сараптамадан өтіп, қан мен шаш үлгілерін тапсырған. Кейін актриса босатылды
«Мен 13 жылға жуық уақыттан бері экран алдында жүрмін. Маған қарап бой түзейтін аудитория бар екенін білетіндіктен, өмір салтыма әрдайым мұқият қарадым. Түнгі өмір деген менде жоқ, өмірімде ешқашан есірткі қолданған емеспін», — деді Ханде.
Бұл істі Стамбұлдың Бас прокуратурасы жүргізіп жатыр. Іс бойынша Ханде Эрчелдің бұрынғы сүйіктісі Хакан Сабанджы, Фикрет Орман, Бурак Йылмаз, Дидем Сойдан, Гюзиде Дуран және басқа да белгілі тұлғалар бар. Прокуратура әзірге істің толық мән-жайын жариялаған жоқ. Қазір іс тергеу және дәлелдерді жинау сатысында.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық