«247,6 млн теңге көлеміндегі шығынды толық өтеген»: Жанәбіловтер тергеумен келісімге келді
Фото: instagram/@elt6i
Сотталушы блогер Эльмира Төлегенова бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Төлегенова көз жасына ерік беріп, жасаған әрекеттері үшін өкінетінін мәлімдеді.
«Болған оқиғаға қатысты жауапкершілікті толық түсінеміз. Бұл біз үшін үлкен өмірлік сабақ болды. Заңды бұзғанымыз үшін шын жүректен өкінеміз. Бас бостандығымыздан айырмайтын жаза тағайындауды сұраймыз», – деді ол.
Сондай-ақ олар процессуалдық келісім жасауға ниетті екенін жеткізді.
«Өз құқығымды пайдалана отырып, сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін процессуалдық келісім жасау туралы өтініш білдіремін. Оның барлық шарттары мен салдары бізге түсіндірілді», – деп қосты блогер.
Прокурор мен адвокаттар арасындағы келісімдер үшін дүйсенбіге дейін уақыт берілді. Бүгін, 27 ақпан, сот отырысы жалғасты. Іс бойынша прокурор Олжас Хайруллаев сотта процессуалдық келісімнің шарттарын жария етті.
Оның айтуынша, айыпталушылар кінәсін мойындап, келтірілген 247,6 млн теңге көлеміндегі шығынды толық өтеген.
Ерболат Жанәбіловке қатысты прокурор шарттың мәнін түсіндірді.
«214-баптың 2-бөлігі 2-тармағы бойынша 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу және мүлкін тәркілеу жазасы, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша Қылмыстық кодекстің 55-бабы 4-бөлігін қолдана отырып, мүлкін тәркілеумен 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3-бөлігі негізінде, жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті мүлкін тәркілеумен 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», деді прокурор.
Қылмыстық кодекстің 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес, Жанәбіловке тағайындалған 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы шартты деп есептеліп, жаза мерзімінің бүкіл кезеңіне пробациялық бақылау белгіленсін.
Оған тұрақты мекенжайын рұқсатсыз өзгертпеу, түнгі уақытта үйден шықпау, алкоголь ішілетін орындарға бармау және пробациялық бақылау талаптарын сақтау міндеті жүктелмек.
Прокурордың сөзінше, Төлегеноваға мынадай жаза ұсынылған:
«Эльмира Төлегеноваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, оның орындалуын 2 жылға кейінге шегеру. 10 тәулік ішінде пробация қызметіне есепке тұруға келуі тиіс. Мінез-құлқына бақылау пробация қызметіне жүктеледі», деді прокурор Олжас Хайруллаев.
Сотталушы Эльмира Төлегенова және Ерболат Жанәбілов прокурор жария еткен процессуалдық келісіммен келісті.
Іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Еске сала кетейік, 23 cәуір күні соттағы жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев блогер Жанәбіловтерге қатысты нақты жаза тағайындауды сұрады.
Оқи отырыңыз:
- «Аспаннан түскен байдың баласы емеспін»: Ерболат Жанәбілов кінәсін ішінара мойындады
- Блогерлер Ерболат Жанабілов пен Эльмира Төлегенова түрмеге қамалуы мүмкін
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық