Соққыға жығылған зейнеткер: Әкім орынбасары мен мектеп басшылығы жазаланды
Фото: Бейнеден кадр
Теміртауда зейнеткер соққыға жығылғаннан кейін әкімнің орынбасары мен мектеп басшылығы жазаланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, кәмелетке толмаған жастар қарт адамның үйіне кіріп, оны ұрып-соғып, бетіне түкіріп, қорлаған. Онымен қоймай, осы болған жағдайды видеоға түсіріп алған.
Қарағанды облысының полицейлері жасөспірімдердің ұсталып, изоляторға қамалғанын хабарлады. 67 жастағы зейнеткерге шабуыл жасағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Теміртау әкімінің орынбасары қатаң сөгіс алды. Сондай-ақ жасөспірімдер оқыған білім беру мекемелерінің орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысында осындай шешімдер қабылданды.
Айта кетейік, бұған дейін қарияны соққыға жыққан жасөспірімдерді қатарластары ұрып кетті.
Бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жалпы сегіз жасөспірімнің ұсталғанын айтты. Төрт жасөспірім қарт адамға шабуыл жасаған болса, қалған төртеуі зейнеткерді соққыға жыққандарды ұрып кеткендер.
Еске сала кетейік, Шуда жүкті әйелдің қайтыс болуына қатысты бірнеше дәрігер жұмыстан қуылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық