Теміртауда зейнеткерді қорлаған жасөспірімдерді ұрып-соқты
Фото: Elements.envato.com
Теміртау қаласында кәмелетке толмағандар жалғызбасты қарттың үйіне баса-көктеп кіріп, оны аяусыз ұрып, мазақтағаны үшін құрықталған жасөспірімдерді полиция ұстағанға дейін өзге біреулер соққыға жыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Еске сала кетейік, Теміртауда зейнеткерді мазақ еткен 5 жасөспірім ұсталды. Кәмелетке толмаған күдіктілер қарт адамның пәтеріне алдап кіріп, төсекте жатқан қарияны ұрып-соғып, басынан теуіп, бетіне түкірген. Аталған дерек бойынша 191-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар қазір тергеу изоляторында қамауда отыр.
Кейінірек қылмыс жасалғаннан кейін көп ұзамай жасөспірімдерге басқа кәмелетке толмағандар шабуыл жасағаны белгілі болды.
«Екі күдікті басқа жасөспірімдердің шабуылына ұшырады. Аталған факт бойынша «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда кәмелетке толмағандар ұсталып, полицияға жеткізіліп, профилактикалық есепке қойылды», деп мәлімдеді Қарағанды облысының полиция департаменті.
Сонымен қатар, полиция құқық бұзушылардың заңды өкілдерін тиісті тәрбие бермегені үшін жауапқа тартатынын да мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық