Шудағы жүкті әйелдің өлімі: тергеу басталып, бірнеше дәрігер жұмыстан кетті
Фото: freepik.com
Жамбыл облысында жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Еске салайық, Шу қаласындағы көпбейінді ауруханада ана мен бала өлімі тіркеліп, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Перзентханаға өз аяғымен барған 26 жастағы Әдемі Ешенәлиева сәбиімен қоса жұмбақ жағдайда көз жұмды. Осы оқиғаға байланысты денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Шу ауданының емханасы мен ауданаралық орталық ауруханасына қатысты тергеу бастады.
Тергеу жүргізу кезеңінде Шу ауданының ауданаралық орталық ауруханасының бас дәрігері мен перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі қызметінен шеттетілді. Ал Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е. Мұсабаев тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Енді денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы медициналық көмек көрсету стандарттарын қалыпқа келтіру үшін Жамбыл облысының барлық босандыру ұйымдарына мониторинг жүргізбекші.
Айта кетейік, Павлодарда ақша жымқырған жүкті әйел мейрамхананы «бомбалады».
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық