Шымкентте қылмыстық жолмен 500 миллионға жуық табыс тапқан 11 адамдық топ ұсталды
Фото: gov.kz
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік сатып алу саласындағы алаяқтық фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу амалдарына сай, «КазСтройОпыт LTD» ЖШС басшысы консалтингтік қызмет көрсету желеуімен коммерциялық ұйымдар үшін құрылыс жұмыстары тәжірибесін жасанды түрде қалыптастырған.
«Электрондық депозитарий» жүйесіне орындалған жұмыстар мен нысандарды пайдалануға беру туралы жалған актілер енгізіліп отырған. Бұл клиент-компанияларға мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде негізсіз артықшылықтар берген.
Схема әлеуметтік желілер мен интернет-платформалар арқылы белсенді түрде жарнамаланған.
Қылмыстық топ құрамына 11 адам кірген. Сонымен қатар, Шымкент қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының лауазымды тұлғаларына жалған жұмыс тәжірибесін растағаны үшін заңсыз сыйақы жеткізіп отырған делдалдар анықталды.
Қылмыстық кірістерді заңдастыру үшін бақылаудағы заңды тұлғалар пайдаланылып, олар арқылы ақша қаражаты жинақталып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Қылмыстық табыс көлемі 490 млн теңгеден асты. Тергеп-тексеру барысында жалған жұмыс тәжірибесін алған және мемлекеттік сатып алуға қатысқан 56 компания анықталды. Тексеру жүргізу үшін материалдар уәкілетті органдарға жолданды.
Үш күдікті қамауға алынды, тағы сегіз тұлғаға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Айта кету қажет, мұндай қылмыстар адал емес компанияларға мемлекеттік келісімшарттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл сапасыз жобалардың жүзеге асу тәуекелін арттырып, адал бизнес субъектілерінің мүмакіндігін азайтады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық