Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысына жаңа әкім тағайындалды

cover

Шымкенттің жаңа әкімі болып Ғабит Сыздықбеков, ал Ақтөбе облысының әкімі болып Асхат Шахаров тағайындалды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды» делінген хабарламада.
«Асхат Берлешұлы Шахаров Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалсын» делінген мемлекет басшысының жарлығында.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін Сыздықов Қазақстанның Сербиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.

Еске салайық, Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып 2020 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын. Бүгін президент жарлығымен ол қызметінен босатылды.

2020-2022 жылдары Шахаров Ақтөбе қаласының әкімі болды.

2022 жылдың қараша айынан бастап президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

Еске салайық, бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар