Шығыс Қазақстан облысында балабақша есепшісі миллиондар жымқырған
Шығыс Қазақстан облысында прокурорлар балабақшадағы бюджет қаражаты ұрланғанын анықтады.
«Катюша» балабақшасындағы штаттық кесте мен банк шоттарын тексергеннен кейін, балабақша есепшісіне үш жыл бойы жалақысы мен сыйақысы бойынша артық қаржы есептелгені белгілі болды.
Ол барлығы 12 миллион теңгеден астам қаражат жымқырған.
Аудандық прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, одан әрі іс жүргізуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өткізді.
Есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толық өтеп берді.
«Соттың 2024 жылғы 30 сәуірдегі үкімімен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде ысырап ету және жымқыру (ҚК 189-бабының 3-бөлігі) бабымен кінәліге өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру арқылы 3,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды» деп хабарлайды ШҚО прокуратурасы.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Жаңалықтар
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды
- Қырғызстанға оралған Қамшыбек Тәшиев тергеліп жатыр — дереккөз
- Трамп: Израиль енді Ирандағы «Оңтүстік Парс» кен орны нысандарына соққы жасамайды
- Екібастұз ресми түрде моноқала мәртебесінен шығарылды
- Наурыз көже: жеті дәмнің мәні мен ғасырлардан жеткен аңыздар
- Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге талап күшейді
- Хайп пен қылмыс: Қазақстанда блогерлерге қатысты бопсалау істері көбейді
- Ақтөбе облысында автобус жүргізушісі жолаушыларды бала-шағасымен қоса айдалаға тастап кеткен
- Атырауда бастауыш сынып мұғалімі қаза тапты
- Қазақстанда халықтың қанша пайызы кедей? Статистика жарияланды
- Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасына халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді тапсырды
- Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау қылмысы: Басты айыпталушы 25 жылға сотталды
- Иранның барлау министрі Исмаил Хатиб қаза болды
- ҚазТАГ басылымының басшысы Әсет Матаев ұсталды
- Израиль президенті Ицхак Герцог Тоқаевтың бейбітшілік қажет деген пікірін қолдайды
- Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды
- Белгілі блогерлер Жанабыловтардың сотында куәгерлік етеді
- Грин-карта алу тәртібі өзгерді: Қазақстандықтар нені білу керек?