Павлодар облысының тұрғыны өзінің үш жасар қызын өзгеден деген күмәнмен азаптап өлтіріп, өмір бойына сотталды
Фото: gov.kz
16 маусым күні қылмыстық істі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Ер адамға кәмелетке толмаған, дәрменсіз баланы азаптау, сондай-ақ аса қатыгездікпен жас қызды өлтіру айыптары тағылған, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот анықтағандай, сотталушы қыздың әкесі бола тұра, ұзақ уақыт бойы оған жүйелі түрде күш қолданып, физикалық тұрғыда азаптап келген. 2025 жылдың қыркүйегінде ол ішімдікке мас кезінде баланы аса қатыгездікпен өлтірген.
Айыпталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.
Мемлекеттік айыптаушы ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап бұл талапты қолдап, моральдық шығын ретінде 5 миллион теңге өндіру туралы азаматтық талап арыз берді.
Ал айыпталушы мен оның қорғаушысы айыпты жеңілірек бапқа қайта саралауды сұрап, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет ретінде қарауды және соған сәйкес жаза тағайындауды өтінген.
Істі қарау қорытындысы бойынша сот ер адамды кінәлі деп танып, қылмыстар жиынтығы бойынша оған төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтеу арқылы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленуші тараптың азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Әлеуметтік желілерде жарияланған мәліметтерге сәйкес, сотталған азамат Тереңкөл ауданында тұрған. Ол жұбайымен бірге екі бала тәрбиелеген, үш жасар қызы және 2025 жылдың мамыр айында дүниеге келген ұлы болған.
Белгілі болғандай, ер адам қызды өзінің биологиялық баласы деп есептемеген, оның «басқадан» туылғанына сенімді болған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық