ШҚО-дағы KAZ Minerals компаниясының Артемьев шахтасы опырылып, кенші қаза тапты
KAZ Minerals Instagram парақшасынан скриншот
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында орналасқан «Востокцветмет» ЖШС-нің Артемьев шахтасында тау жынысының опырылуы салдарынан кәсіпорын қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
KAZ Minerals баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 30 мамыр күні шамамен сағат 20:30-да болған.
Оқиға болған учаскедегі барлық жұмыс тоқтатылды. Жазатайым жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
«Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау бойынша құзырлы мамандар мен уәкілетті орган өкілдерінің қатысуымен тергеу жүргізілуде. Компания үшін болған жағдайды толық анықтау және болашақта мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін қандай қосымша шаралар қажет екенін түсіну аса маңызды», деп хабарлады компания өкілдері.
Оқиға орнына KAZ Minerals тобы басқарма төрағасы Андрей Третьяков келді. Компания қаза тапқан кеншінің отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
Бұл сәуір айынан бері KAZ Minerals кәсіпорындарында жұмысшы қаза тапқан үшінші жағдай. Мәселен, 27 сәуірде «Востокцветмет» ЖШС-нің Орлов өндірістік кешенінің шахтасында тау жынысы опырылып, екі жұмысшы үйінді астында қалған. Олардың біреуі оқиға орнында көз жұмды.
9 мамырда Шығыс Қазақстан облысындағы «Востокцветмет» ЖШС-нің Артемьев шахтасының механигі жөндеу жұмыстары кезінде шамамен тоғыз метр биіктіктен құлап, қаза тапты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық