Шахтада мерт болған кеншілер отбасына нақты қанша жәрдемақы беріледі?
Фото: freepik.com
Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясы «Жомарт» кен орнында болған апаттан қаза тапқандардың отбасына жәрдемақы беріледі. Көмек қаржысының көлемі қаза тапқан марқұмның асырауындағы адамдардың санына және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты, деп хабарлайды Orda.kz.
Жәрдемақының бұл түрі 8 жасқа дейінгі баласы бар жұмыссыз үш анаға да тағайындалады. Осылайша асырауындағы бір адам үшін бюджеттен төленетін жәрдемақы мөлшері 42 530 теңге, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер 141 523 теңге болды.
Сондай-ақ, қаза тапқан кеншілер отбасыларының барлығы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 369 608 теңге мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем алуға құқылы.
Сонымен қатар апат болған шахтадағы жұмыс 10 күнге тоқтатылды. Ұлытау облысындағы шахта апатына қатысты құрылған Үкіметтік комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевтың мәләметінше, қылмыстық іске байланысты комиссия сараптама жүргізетіндіктен шахтада 10 күн бойы жұмыс жүрмейді. Ол комиссия отырысында апаттың себебі анықталған соң шаралар қабылдауды тапсырды.
«Газоанализатор бар екендігін айғақтайтын дабыл белгісін орнату немесе газды жою бойынша келісімшарттағы міндеттемелерге өзгеріс енгізу қажет деп ойлаймын. Ең бірінші кезекте қауіпсіздік техникасы және жұмысшының қауіпсіздігі сақталуы қажет. 10 күн бойы апат болған орында тек экспертиза мамандарының жүруіне рұқсат беріледі», - деді Қанат Бозымбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық