Қазақстан мен Ресей президенттеріне сауда және логистика саласындағы жобалар таныстырылды
Фото: Ақорда
Екі ел президенті назарына – Smart Cargo платформасы, тауарларды цифрлық таңбалау, AI Jol жүйесі және шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғырту жобалары ұсынылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге тауар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, тасымалдау үдерісін цифрландыруға және автокөлік тасымалы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жобалар таныстырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттерге тауарлардың шығу тегін растауды және тауар айналымының ашықтығын қамтамасыз ететін цифрлық таңбалау жүйесі көрсетілді. Сонымен қатар тасымалдау процесіне қатысушылар үшін бірыңғай цифрлық платформа құруды көздейтін Smart Cargo платформасы таныстырылды. Келесі жоба – жасанды интеллект көмегімен көлік ағындарын үздіксіз талдайтын бірыңғай цифрлық AI Jol жүйесі.
Сыртқы сауда тиімділігін арттыру және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша бірлескен жұмыс туралы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев пен Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук баяндама жасады.
Сондай-ақ мемлекет басшыларына теміржол, автомобиль және авиация салаларындағы көлік байланысын дамыту, сондай-ақ шекарадағы автомобиль өткізу бекеттерін үйлестіре жаңғырту перспективалары жөнінде ақпарат берілді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық