«Ежелгі дәуірден бүгінге дейін»: Ел тарихын баяндайтын жеті томдық академиялық еңбек дайын
Фото: anatili
Қазақстанда «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» атты жаңа жеті томдық академиялық басылымды әзірлеудің негізгі ғылыми кезеңі аяқталды. Бұл туралы Саясат Нұрбек өзінің тelegram-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Министрдің айтуынша, редакциялық алқа барлық жеті томның қорытынды қолжазбасын бекіткен.
«Бүгін шын мәнінде тарихи оқиға болды — біз «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» атты жеті томдық академиялық басылымды дайындаудың негізгі ғылыми-әдіснамалық кезеңін аяқтап, барлық жеті томның қорытынды қолжазбасын бекіттік. Алда әлі де үлкен редакциялық жұмыстар тұр: әдеби өңдеу, стильді біріздендіру, карталар мен иллюстрациялар дайындау, аудару және беттеу. Дегенмен бүгін біз негізгі ғылыми кезеңнің аяқталғанын сеніммен айта аламыз» деп жазды Нұрбек.
Ол жаңа академиялық басылымды әзірлеу жұмыстары Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылы басталғанын еске салды. Жобаға 350-ден астам ғалым, оның ішінде 12 елден келген 56 шетелдік зерттеуші қатысқан.
Министрдің сөзінше, авторлар Қазақстан мен шетел мұрағаттар мен музейлерінің материалдарын зерттеп, бұрын ғылыми айналымға енгізілмеген құжаттарды пайдаланған. Олардың қатарында Қытай және Ватикан мұрағаттарының да деректері бар.
Саясат Нұрбек алғаш рет Қазақстан тарихы ежелгі кезеңдерден бүгінгі күнге дейін бір академиялық басылымға толық жинақталғанын атап өтті.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстан тарихын жаңаша зерделеу және қайта жазу қажеттігін тапсырған болатын.
Еске салсақ, биыл мамыр айында Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтті. Мемлекет басшысы сол жиында «Алтын Орда тарихы көптеген іргелі зерттеулерге арқау болғаны анық» екенін шегелеп айтты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық