Шерзаттың әкесі полициядан ауруханаға шұғыл жеткізілді
Фото: Airan Media/ бейнеден кадр
Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты полиция басқармасынан ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаржаубай Нұрымов, өз-өзіне қол жұмсайтынын айтып қоқан-лоққы көрсеткеннен кейін ұсталған болатын. Ол бірнеше сағат бойы Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінде болып, онда онымен психологтар жұмыс істеді. Алайда, оның жағдайы жақсармаған соң шұғыл түрде Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасына жеткізген. Қазір Нұрымов дәрігерлердің бақылауында. Оның жанында адвокаттары бар. Ал Азатта оны отбасымен қоғам белсендісі Айтбек Амангелді күтіп отыр.
Сонымен қатар, Қаржаубай Нұрымовқа қоғамдық тәртіпті бұзу, бейәдеп сөздер қолдану мен адамдарға тиіскені үшін әкімшілік іс қозғалды. Қазіргі таңда іс материалдары сотқа жолданды. Нұрымов 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.
Еске сала кетейік, 10 желтоқсанда Азат ауылында Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жаназасы өте салысымен арты үлкен дауға айналды. Қаржаубай Нұрымов журналистермен кездесуді талап етіп, тіпті өз-өзін пышақпен жарақаттап үлгерді.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық