Шерзат Полаттың үйіндегі өртке қатысты тергеу тоқтатылды
Коллаж: Orda.kz
Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Полаттың үйіндегі өрт фактісі бойынша тергеу жұмыстары тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Былтыр 12 қазан күні Азат ауылындағы Қаржаубай Нұрымовтың шаңырағын кім өртегені сол күйі табылмады.
«Қаржаубай Нұрымовтың үйіндегі өрт фактісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу мерзімі қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы 7-бөлігінің 5-тармағына сәйкес (құқықтық көмек көрсету бойынша іс жүргізу әрекеттерін орындауға байланысты) тоқтатылды», деп хабарлады прокуратура.
Шерзат Полаттың отбасының адвокаты Мейрман Шекеев Orda.kz-пен байланысқа шығып, бұл жағдайлардан хабарсыз екенін айтты. Адвокат істің не үшін тоқтағанын білмейді.
«Кеше кешке Қаржаубай Нұрымовпен кездестім. Олар да ештеңе білмейді», - деді Шекеев.
Еске салайық, 16 жастағы марқұм Шерзат Полаттың отбасы тұратын үй былтыр қазанда өртке оранды. Оқиға орнына ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов барды. Сондай-ақ ІІМ Талғар ауданында үйді өртеу қылмысы бойынша барлық айғақтар алынып, қажетті сараптамалар жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді. Өрт кезінде үйде ешкім болмаған. Қайғылы оқиғадан соң Шерзаттың отбасы қауіпсіз жерге көшірілген болатын.
Айта кетейік, Алматы облысында өртенген үйден егде жастағы ерлі-зайыптының денесі табылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық