Талғарда екі қарт кісіні өлтіріп, үйін өртеген ер адам ұсталды
Фото: Полиция басқармасы
Қарт ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген адам Қарғалы шатқалынан табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Күдіктіні сол маңда серуендеп жүрген ер адам өз бетінше ұстаған. Ол бұған дейін оның суретін әлеуметтік желіде көрген екен. Қарияларды өлтірген адам полицияға тапсырылды.
Айта кетейік, 5 тамызда Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылында жекеменшік үйлердің бірі өртенді. Құтқарушылар екі адамның мәйітін тапты. Қарт тұрғындардың кісі қолынан қаза тапқаны анықталды. 1946 жылы туған ер азаматтың бірнеше жеріне пышақ сұғылғаны, ал 1949 жылы туған әйелді тұншықтырып өлтіргені анықталған. Күдікті қылмыс ізін жасыру мақсатында қарт кісілердің үйін өртеп жіберген болуы мүмкін. Полиция күдіктіге іздеу жариялаған еді.
38 жастағы күдікті де Панфилов ауылында тұрған. Күдікті марқұмдардың көршісі екені айтылды. Ол бұған дейін ұрлық жасағаны үшін істі болған.
Еске сала кетейік, Астанада қыздың бөксесін ұстаған алты баланың әкесі 5 тәулікке қамалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық