Шерхан Қалмырзаға ғылым министрі грант табыстады
Фото: GOV.KZ
«Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысына ғылым министрі Саясат Нұрбек грант берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Министр Саясат Нұрбек Шерхан Қалмырзамен кездесіп, оған Қазақ спорт және туризм академиясында оқу үшін ректорлық грант табыстады.
«Жас қақпашының көрсеткен тарихи нәтижесі – барша қазақстандық жастар үшін жарқын үлгі. Осы жетістігімен құттықтаймын және алдағы матчтарда сәттілік тілеймін!» – деді министр.
Еске сала кетейік, «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасына шыққаннан кейін «Ақтөбеге» қарсы матчта қақпашы Темірлан Анарбеков жарақат алып, алаңнан кеткен болатын. Сол кезде қақпаға Шерхан Қалмырза шығып, матчты толық өткізді.
Кейін ол Чемпиондар лигасында «Спортинг» пен «Реал Мадридке» қарсы ойнап, жанкүйерлердің назарына ілікті. Бұдан соң оған кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов көлік сыйлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық