Темірлан Анарбеков ЧЛ матчына қатыса ма? «Қайрат» – «Ақтөбе» 1:0
Фото: Orda.kz
Алматыда өткен Премьер-лиганың 23-турындағы ең маңызды кездесулердің бірі – «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы матчта қақпашы Темірлан Анарбеков жарақат алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне қатысуы қазір күмән тудырып отыр.
Бұл ойын қарсаңында екі команда да турнир кестесінде берік орын алып тұрған еді: «Қайрат» 21 ойында 46 ұпай жинап, көшбасшылар қатарында болса, «Ақтөбе» 39 ұпаймен алғашқы төрттікте келеді.
Матч басталар алдында өткен айдың үздік ойыншысы атанған қақпашы Темірлан Анарбеков арнайы марапатқа ие болды. Марапат жанкүйерлердің қошеметімен беріліп, ойын алдындағы атмосфераны қыздырды. Ойынға алғаш рет Қырғызстаннан төреші Нұрзатбек Әдбіқадыров қазылық етті.
Алайда қуаныш ұзаққа созылмады: ойын басталмай жатып Анарбеков жарақат алып, оның орнына Шерхан Қалмырза шықты. Алдын ала мәлімет бойынша қақпашының жағы сынған.
Екінші таймда «Қайрат» командасының 9-нөмірлі ойыншысы Дастан Сәтпаев «Ақтөбенің» қақпасына гол соғып, есеп ашты. Осылайша «Қайрат» 49 ұпай жинап, ҚПЛ турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын нығайтты. Ойын «Қайрат» – «Ақтөбе» 1:0 есебімен аяқталды.
Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Қайрат» келесі ойынды 18 қыркүйекте Лиссабонда «Спортингке» қарсы өткізеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық