Шәй ішпесе басы ауыратын апаларымыз бояу ішіп жүр ме?
Коллаж: Orda.kz
Еліміздегі кейбір шәй маркаларынан тыйым салынған бояғыштар табылды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті атаулардың толық тізімін жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті шәйдің кейбір түрлеріне қатысты уақытша санитарлық шаралар енгізілгенін жариялады.
Шәйді сараптама мен бақылау үшін сатып алып, тексергеннен кейін әкелуге және сатуға тыйым салу туралы шешім қабылданды.
«Құрамында тағамдық бояғыштар (сары «күн батуы» (Е110), тартразин (Е102), понсо 4R (Е124) бар қара шәй өндіру және сату фактілері анықталды, бұндай зиянды заттарды пайдалануға жол берілмейді», деп хабарлады комитет.
Таратып айтатын болсақ:
- Тартразин (Е102) - көмірді (көмір қара майын) қайта өңдеу өнімдерінен алынатын алтын-сары түсті жасанды тағамдық бояғыш. Кейбір адамдарда есекжем, Квинке ісігі немесе ринит пайда болуы мүмкін. Аспиринді көтере алмайтын адамдар ерекше сақ болуы керек.
- Понсо 4R (Е124) - өнiмдердi бояу үшiн пайдаланылатын, оларға тартымды көрiнiс беретін ашық қызыл немесе қоңыр түстi синтетикалық азобояғыш. Хош иісті көмірсутектерден, көбінесе мұнайдан алынатын бензол қалдықтарынан «Понсо» азобояғышын алады. Балалардағы гиперактивтілікке байланысты кейбір елдерде зиянды қосымша болып саналады және тыйым салынған.
- Сары «күн батуы» (Е110) - мұнай өнімдерінен алынатын синтетикалық суда еритін сары-қызғылт түсті тағамдық бояғыш, өнімдерге тәбет ашатын түс беру үшін пайдаланылады.
«Шәй қораптарында өндіріс пен буып-түюдің бұрынғы (жарамысыз) мекен-жайлары көрсетілген, бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат құжаттарының жоқтығын көрсетеді», деп атап өтті комитет.
Сонымен шәйдің қандай маркаларына тыйым салынғанын біле жүріңіздер:
- «Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat Golg», «БАЛҚИЯ Premium Gold», өндіруші - «Orda Trade Astana» ЖШС (Алматы облысы);
- «Sultan Suleyman», «Pakistan tea», өндіруші - «Real Trade Astana» ЖШС (Астана қ.);
- «БАЛҚИЯ Premium gold», өндіруші - ЖК «Аль-Хадия» (Алматы қ.);
- «Aje Onim», өндіруші - ЖК «Орда Чай» (Алматы қ.) «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша;
- «Al-Hayat Golg», өндіруші - «Empire KENIY E.P.Z. Limited» (Алматы облысы);
- «Al-Jannat Premium, өндіруші - ЖК «Ferdaus» (Алматы қ.);
- «Alfarah» (өндіруші қаптамада тіпті көрсетілмеген де).
Еске салсақ, былтыр қазақстандықтар тыйым салынған бояғыштары бар «пәкістан» шәйы дүкен сөрелерінде әлі тұрғанын айтып шағымданды.
Оқи отырыңыз:
- Денсаулығың көтермесе - көлік жүргізбе: 1787 адамның жүргізуші құқығы жойылды
- Шыңжаңда жер сілкініп төтенше жағдай енгізілді
- Қар мен көктайғақ салдарынан бүкіл Еуропа әрекетсіз қалды
- Досаевтың жұбайы бір жылда 2,3 млрд теңге тапқан
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді