Денсаулығың көтермесе - көлік жүргізбе: 1787 адамның жүргізуші құқығы жойылды
Фото: gov.kz
Денсаулық сақтау министрлігі ІІМ-мен бірлесіп диспансерлік есепте тұрған 370 мыңға жуық адамды тексеріп шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Тексеріс көрсеткендей, 273 819 азаматтың ешқашан жүргізуші куәлігі болмаған, олардың 41 677-сінің күші жойылған, 54 мыңнан астам адамның куәлігі әлі де бар болып шыққан.
Нәтижесінде сотқа 4,5 мың талап арыз жолданды. 2025 жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша 1787 адамның жүргізуші құқығы жойылды.
«Бұл азаматтардың медициналық қарсы көрсетілімдері болғандықтан көлік құралын басқару құқығы жоқ».
Енді психоневрологиялық және наркологиялық есепте тұрған қазақстандықтар туралы деректер екі ведомство арасында автоматты түрде, нақты уақыт режимінде беріледі.
Бүкіл елді сілкінткен қайғылы оқиғаны еске алайық. Өткен жылдың тамыз айында Toyota жүргізушісі балаларды өз үйінің қақпасының алдында қағып кеткен. Жол жүріп келе жатып жүргізушінің ұстамасы (эпилепсия) ұстап қалған. Диагнозына қарамастан ер адам көлік жүргізіп жүрген. Жол-көлік оқиғасы кезінде төрт бала қаза тауып, екеуі ауыр жарақат алды.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
- Талдықорғанда үй өртеніп, төрт бала мен анасы жансақтау бөліміне түсіп, әкесі қайтыс болды
- Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан үш ересек адам мен бір бала қаза тапты
- Төрт жасар баланың басы көліктердің арасына қысылып қалды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық