Серік Шәпкенов Атырау облысы әкімі қызметінен босатылды
Фото: Атырау облысы әкімдігі
Серік Шәпкенов 2022 жылдың сәуір айынан бері атқарып келген Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Orda.kz .
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Шәпкенов Серік Жамбылұлы Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды» деп жазылған ҚР президенті баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасында.
Еске салайық, бұған дейін 17 шілде күні Атырау облысының әкімін тағайындауға келісім беру үшін мәслихат депутаттарының жиналысы өтетіні хабарланған еді.
Серік Шәпкенов өңір басшысы қызметін 2022 жылдың сәуірінен бері атқарып келген.
Серік Жамбылұлы Шәпкенов — мемлекет қайраткері. 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қаратөбе кентінде дүниеге келді. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген, экономист-математик.
2000 жылдан - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы.
2001 жылдан - Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы.
2002 жылдың маусымынан - Батыс Қазақстан облысы Қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан - бас маманы.
2006 жылдың қаңтарынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторлы дамыту бөлімінің бастығы.
2006 жылдың наурызынан - БҚО Ауыл шаруашылық департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы.
2007 жылдың қаңтарынан - БҚО Ауыл шаруашылық департаменті директорының орынбасары.
2007 жылдың қазанынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары.
2009 жылдың қыркүйегінен - Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.
2014 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2016 жылдан - Атырау қаласының әкімі.
2018 жылдан - Атырау облысы әкімінің орынбасары
2020 жылдан – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.
2021-2022 жылдары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- «Малсыңдар»: Димаш Құдайберген әйелін ұратын еркектерді сөкті
- Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға сот үкімі шықты
- Мектепте атыс шығарып, әрекетін стримде көрсеткен: Екі оқушы қаза тапты
- Шакира жер сілкінісінен кейін Колумбияда 10 мектеп салып бермек
- Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталды
- Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге видео жариялады
- 240 млн теңгеге жасалған Steppe Rider қазақ тілін үйретіп жарытпады: ҰҚК мен экономикалық тергеу тексеріп жатыр
- Тоқаев ТЖМ басшысына заманауи технология енгізіп, өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөнінде тапсырма берді
- Таразда аутизмі бар баланы балабақшада байлап ұйықтатпақ болған: Анасы жай-жапсарын айтты
- Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстер қыркүйек айының соңына дейін тоқтатылды
- Алматыда әйелді балағаттаған ер адамға қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр
- Оқушылар арасында ауру көбейді: 242 мың бала есепке алынды
- Еліміздің оқушыларына өмірлік қиындықтарды еңсеру дағдылары үйретіледі
- «Заң және тәртіп»: Қазақстан мектептерінде үш жаңа міндетті пән болады
- Үкімет басшысы 100-ден астам мектептің жөндеу жұмысын екі аптада аяқтауды тапсырды
- Трампты қолдау рейтингі 33%-ға дейін төмендеді — бұл оның президенттігі кезіндегі ең төмен көрсеткіш
- Бас прокурор: Шетелдегі 12 алаяқтық байланыс орталығынан түскен миллионнан астам қоңырау тоқтатылды
- «Депрессия» туралы әзіл: NARXOZ университетінің жазбасы сынға қалды
- Алматыда ескі көліктерді арнайы компания арқылы сатып алу тетігі іске қосылады
- Бірінші сыныпта баға қойылмайды: Жаңа оқу жылынан бастап бағалау жүйесі өзгереді