Семейде көпір үстіне жатып суретке түскен әйелге айыппұл салынды
Фото: Orda.kz.
Семейде түнгі фотосессия кезінде көпірдің дәл ортасына жатып суретке түскен әйел жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Семейде көпірдің үстіне жатып фотосессия жасаған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның әрекеті әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін полицияның назарына ілінді.
Желіде жарияланған кадрларда әйел түнгі жарықпен безендірілген көпір аясында суретке түсу үшін жолдың ортасына жатып, фотографқа түрлі қалыпта поза бергені көрінеді.
Полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол Ақтөбе облысының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Әйелге 2 айлық есептік көрсеткіш, яғни 8650 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, оған қатысты жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Оқи отырыңыз:
Qatar Airways инсульт алған қазақстандық әйелді ауруханасы жоқ аралда қалдырды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық