Абай облысындағы өрт кезінде жоғалғандар мен қаза тапқандардың тізімі жарияланды
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Абай облысындағы өрт кезінде із-түзсіз жоғалып кеткендер мен қаза тапқандардың тізімін жариялады.
Бұрын хабарланғандай, «Семей орманы» резерватында болған ірі орман өртін жою кезінде Жаңашүлбі филиалының өрт сөндіруге аттанған 14 қызметкерімен байланыс үзілгендігі хабарланған болатын. Артынша оларды іздеу жұмыстары дереу басталып кетті.
Өрт кезінде жоғалған қызметкерлердің тізімі:
1. Жиенбаева Мейрамгүл Құсайынқызы – «Семей орманы» РМУ Жаңашүлбі филиалы Өспен орман шаруашылығының басшысы;
2. Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы – «Семей орманы» РМУ Жаңашүлбі филиалының орманды қорғау және сақтау жөніндегі инженері;
3. Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы – «Семейорманы» РМУ Жаңашүлбі филиалының жүргізушісі;
4. Губаев Алексей Григорьевич – орман шебері – «Семей орманы» РМК Жаңашүлбі филиалы Өспен орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы;
5. Фоминых Максим Владимирович – аумақтарды күзету жөніндегі инспекторы – «Семей орманы» РММ Жаңашүлбі филиалының Өспен орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы;
6. Нұржігітов Саят Нұржанұлы - аумақтарды күзету жөніндегі инспектор - «Семей орманы» РМУ Жаңашүлбі филиалы Өспен орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы;
7. Начинёнов Константин Сергеевич – аумақтарды күзету жөніндегі инспекторы – «Семей орманы» РМУ Жаңашүлбі филиалының Өспен орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы;
8. Сидорин Александр Викторович – аумақтарды күзету жөніндегі инспектор – «Семей орманы» РМУ Жаңашүлбі филиалы Өспен орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы;
9. Сидорин Виктор Александрович – аумақтарды күзету жөніндегі инспектор – «Семей орманы» РМУ Жаңашүлбі филиалы Өспен орман шаруашылығының мемлекеттік инспекторы;
10. Пузырев Николай Иванович - «Семей орманы» РМУ Жаңашүлбі филиалы Орталық орман шаруашылығы өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі;
11. Пузырев Сергей Николаевич - «Семей орманы» РМУ Жаңашүлбі филиалы Орталық орман шаруашылығы орман өрт сөндірушісі;
12. Дәрібаев Александр Викторович - «Семей орманы» РМУ Жаңашүлбі филиалының Жерновский орман шаруашылығының тракторшы-жүргізушісі;
13. Гражданкин Петр Александрович - «Семей орманы» РМУ Жаңашүлбі филиалының Өспен орман шаруашылығы орман өрт сөндірушісі;
14. Ганшин Даниил Евгеньевич - «Семей орманы» РМУ Жаңашүлбі филиалы Орталық орман шаруашылығы өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Абай ауданындағы өртті сөндіруге қатысқан орман шаруашылығының қаза тапқан бес қызметкері анықталды. Олар:
1. Серікжан Тоқтасын, 27 жаста
2. Александр Сидорин, 39 жаста
3. Саят Нұржігітов, 51 жаста
4. Алексей Губаев, 30 жаста
5. Амангелді Дүйсембаев, 59 жаста.
Қазіргі уақытта өрт сөндіру орнынан табылған қалған 9 адамның жеке басы анықталуда. Өрт фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Экология министрлігі қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан орман шаруашылығының ержүрек қызметкерлерінің отбасылары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық