Сегіз бала көз жұмды: АҚШ-та ер адам туыстарының балаларын қырып салды
Фото: Pixabay.com
АҚШ-тың Луизиана штатындағы Шривпорт қаласында жексенбі, 19 сәуір күні белгісіз ер адам балаларға оқ атты. Салдарынан сегіз бала көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz DW сайтына сілтеме жасап.
Атыстан тағы екі адам жарақат алған. Бұл туралы Шривпорт полициясының баспасөз хатшысы Кристофер Борделон айтты.
Полицияның алдын ала мәліметінше, оқиға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты болуы мүмкін. Ер адам 3 үйге жеке-жеке барып, бәрін қырып саламын деп ойлаған. Үшінші үйдегі жәбірленушілердің бірі жасырынып үлгерген. Күдікті көлік ұрлап, қашуға әрекет жасаған. Алайда Шривпорт полициясы оған оқ атып өлтірген.
Қазіргі уақытта шабуыл жасаған адамның кім екені және оның әрекетінің себептері туралы нақты ақпарат жоқ. Полиция тек қаза тапқан балалардың кейбірі күдіктінің туыстары болғанын мәлімдеді.
«Бұл — өте қайғылы жағдай, мүмкін Шривпортта бұрын-соңды болмаған ең ауыр оқиғалардың бірі болар», — деді Борделон.
Қала мэрі Том Арсено қаралы күн жариялады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық