Боқаевтың жақтастары оған қатысты істі тікелей эфирде ашық түрде қарауды талап етті
Фото: Ашық дереккөзден
Азаматтық белсенді Санжар Бокаевтың серіктестері, аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру, жалған ақпарат тарату және Алматыдағы Баум тоғайында ағаштарды заңсыз кесуді ұйымдастыру күдігімен айыпталған Боқаевқа қатысты істі тікелей эфирде ашық түрде қарауды талап етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Олар бұл істің саяси астары бар деп есептейді.
«Біз бұл істен саяси астарды көріп отырмыз. Барлық материалдар бізге қолжетімді емес, бірақ қолымыздағы деректерге сүйене отырып айтарымыз іс қолдан жасалған. Сондықтан митинг өткізуге өтініш берілді, бірақ рұқсат берілмеді. Сондай-ақ Санжарға қатысты сотты тікелей эфирде ашық өткізу туралы петиция модерацияда тұр», – деп түйіндеді «#НетУтильсбору» қозғалысының өкілі Владимир Ким.
Бұл іс бойынша Боқаевтан бөлек, оның видеографы Ұлан Нүсіпқожа да екі айға қамауға алынған екен. «#НетУтильсбору» қозғалысының тағы бір өкілі Берік Заиров мұны Боқаевқа қысым көрсету деп санайтынын айтты.
«Ұлан жалдамалы пәтерде тұрады, несиеге алынған көлікпен такси жүргізеді. Қамауға алынуына байланысты төлем жасай алмайды, бұл оның отбасына ауыртпалық түсіреді. Меніңше, осылайша Санжарға қысым жасалып жатыр», – деді ол.
Еске салсақ, бүгін Санжар Боқаевтың бұлтартпау шарасымен екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.
18 наурызда белсендінің қылмыстық іс аясында тергеу әрекеттері барысында ұсталған болатын. Тергеу мәліметінше, Боқаев «ағаштарды заңсыз кесуді және ұрлау ұйымдастырып, қаржыландырған» деген күдікке ілінген. Сондай-ақ оған аса ірі көлемде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген айып тағылған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық