Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды
Фото: Боқаевтың бейнежазбасының скриншоты
Бүгін Алматы қаласында қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды. Бұл туралы Orda.kz Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.
«Бүгін Алматы қаласында қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу аясында Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128–131-баптарына сәйкес, Санжар Боқаев ұсталды. С. Боқаев әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында кейбір тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды жариялаған деген күдікке ілінді. Тергеу деректеріне сәйкес, Боқаев бұл қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол табысы төмен адамдарды осы іске тартып, оларға сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауды тапсырған» деп жазылған таратылған хабарламада.
Қадағалау органының мәліметінше, ол «аса ірі көлемдегі қаражатты алаяқтық жолмен жымқырды» деген де күдікке ілінген.
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабыне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», деп қосты Бас прокуратура.
Еске салсақ, былтыр маусым айында Қазақстандық блогер әрі қоғам белсендісі Санжар Боқаев іздеу базасынан табылғаны белгілі болды. Алматы әуежайында полиция қызметкерлері оны ұстамақ болған. Боқаевқа полиция қызметкерлері оның аты-жөні іздеу базасына енгізілгенін айтқан. Дегенмен сол күні блогерді полицейлер босатқан болатын.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық