Рыбакина өзін нағыз қазақ санайды - Стефано Вуков
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның бапкері хорват Стефано Вуков спортшының азаматтығын өзгертуге қатысты пікір білдірді.
Вуков Рыбакина өзін нағыз қазақ сезінетінін атап өтті.
«Еленаның Қазақстан теннис федерациясымен ұзақ тарихы бар, олар оған көп көмектесіп, жеңісімен құттықтады. Мен оның өзін нағыз қазақ сезінетініне сенімдімін» деп қосты жаттықтырушы.
Бапкер теннисшінің азаматтығын өзгертуге қатысты даулы мәселелерге үйреніп қалғанын, бірақ қоғамның неге оны қазбалап жатқанын түсінбейтінін айтты.
«Елена 2018 жылы азаматтығын қазақстандыққа ауыстырғалы бері біз даулы мәселелерге үйреніп қалдық. Бірақ, шынымды айтсам, бәрі нені қазбалап жатқанын түсінбеймін? Өйткені, бұлар теннисшілер. Ал жалаудың еш мағынасы жоқ» деді ол.
Елена Рыбакина
Елена Мәскеу тумасы, 2018 жылға дейін теннисші Ресейдің атынан шыққан. 2018 жылдың маусымында Рыбакина азаматтығын ауыстырды. Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов спортшының спорттағы мансабын 18 жасында аяқтағысы келгенін айтты.
9 шілдеде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдонда жеңіске жетіп, беделді турнирде жеңіске жеткен тұңғыш ел өкілі атанды. Жеңіске қарамастан, оның WTA рейтингі өзгерген жоқ - ол 23-ші орында қалды. Себебі соңғы Уимблдон турнирінде Ресей мен Беларусь теннисшілерінің жарыстан шеттетілуіне байланысты рейтингтік ұпайлар ойнатылмады.
Жаңалықтар
- Мемлекеттік грант иегерлері анықталды: 2026–2027 оқу жылының басты қорытындылары
- «МузАРТ» тобындағы Кенжебек Жанәбілов ауруханаға түсті
- Мұратжан Мұсайбеков АМӨЗ-дің бас директоры болып тағайындалды
- Қазақстан футбол құрамасының жаңа бапкері кім?
- Астанада сынақтан өткен әуетаксидің алғашқы жолаушысы — министр
- 30 миллион теңгеге денесіне жарнама салуды ұсынған Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды
- Бекболат Тілеухан: Қайрат Сатыбалды президентке айтып, мені депутаттыққа өткізді
- Жағымпаздар «Отан» атауына «Нұр» сөзін қосып, Назарбаевты орға жықты – Бекболат Тілеухан
- Трамптың «Бейбітшілік кеңесі» Газаға арналған алғашқы келісімді әскери нысан салудан бастайды
- Иран АҚШ пен Израиль кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне тыйым салмақшы
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды: Істің жай-жапсары
- Трамп АҚШ-тың келесі президенті ретінде кімді лайық көретінін айтты
- Илон Масктың зымыраны Айға құлап, 30 метрлік кратер пайда болды
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
- Нұрайға қатысты «72 рет пышақ сұғар едім» деген пікір жазған адам анықталып, хаттама толтырылды
- «Байден ұқсап құлап қалмасын»: Невададағы Трамптың әзілі мемге айналды
- 100 миллион теңгеден астам ақша иемденген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Димаштың түрік тіліндегі жаңа әні iTunes хит-парадтарында бірінші орында тұр