Руслан Берденов есін жия сала жұмысына бару керегін айтты — Қожаназаров
Коллаж: Orda.kz
Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қожаназаровтың айтуынша, оқиғаға қатысты алдын ала қандай да бір қорытынды жасауға әлі ерте. Алайда, ол бұл қылмыстың қызғаныштан немесе кәсіп жағынан келіспеушілік туғаннан болуы мүмкін екеніне сенбейтінін жеткізді.
«Ең алдымен, ол – мемлекеттік қызметкер. Мұндай жағдайға кез келген адам тап болуы мүмкін. Руслан Берденов есін жиғаннан соң, не болғанын бірден түсінбей, жұмысқа бару керегін айтты», – деді Қожаназаров.
Еске салсақ, Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды. Оқиға 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болған. Берденовтің өкпесі мен бүйрегіне зақым келді.
Әкімдіктің алдында Берденовке жасалған қастандықтың астары мен мән-жайын мына материалдан оқи аласыз.
Жаңалықтар
- Астанада балалар отырған аттракцион құлады, полиция тексеріп жатыр
- Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға
- Тоқаев ТМД елдерімен радиация бойынша дерек алмасу туралы заңға қол қойды
- Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді
- Сотталған блогер Жанәбіловтер амнистияға ілінуі мүмкін
- Астанада LRT-мен жүруге арналған жеңілдік картасын кімдер ала алады?
- Ерлі-зайыпты блогер Жанәбілевтерге сот үкімі шықты
- 1 мамыр — бірлік символы: Қазақстан халқын біріктірген мереке қалай пайда болды?
- Тоқаев Оңтүстік Африка халқын бостандық күнімен құттықтады
- «247,6 млн теңге көлеміндегі шығынды толық өтеген»: Жанәбіловтер тергеумен келісімге келді
- Румынияда әйелдерді өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады
- Депутат Базарбек эмоциясын тежей алмай, «Болашақ» жүйесін қатаң сынға алды
- Қазақстанның жоғары білім саласында миллиардтаған шығын анықталды
- Мәжілісте түлектерді жұмыспен қамту туралы мәлімет сынға ұшырады
- Қылмыстық іс қозғалды: Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды балағаттаған әйел полицияға жеткізілді
- 1 мамырдан бастап не өзгереді: Төлемдер, маусымдық шектеулер және емтихан кезеңі
- Тоқаев Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады
- ІІМ банк арқылы болатын алаяқтықтың жаңа түрін ескертті
- Тәрбиеші ұрған баланың ата-анасы арыз жазудан бас тартқан
- Қазақстандықтардың деректерін сатқан: Астана мен Алматыда қылмыстық топ құрықталды