«Қарамағында жұмыс істеген»: Руслан Берденовке кім оқ атқаны белгілі болды
Коллаж: Orda.kz
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан адамның кім екені анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті — 1994 жылы туған Жиенбай Ернар Жиенбайұлы. Ол Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде маман болып жұмыс істеген.
Сонымен қатар, Respublica партиясының тең төрағасы, кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің жазуынша, Ернар Жиенбай бұрын Руслан Берденовтің тікелей қарамағында жұмыс істеген.
«Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, оқ атқан адам әкімдікке қарасты серіктестіктің басшысы болған. Жуырда ғана қызметінен босатылған. Оқ өкпесі мен бауырына тиген. Соған қарамастан, дәрігерлердің айтуынша, өміріне қауіп жоқ» деп жазды Әлібеков.
Еске салсақ, Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Оқиға 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болған. Шенеунік бірнеше жерінен жараланып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Қазір ол операцияда жатыр.
Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылға дейін оған қоқан-лоққы көрсетілген. Бұл Шымкенттегі құрылыс саласындағы тәртіп орнату әрекетіне байланысты болуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық