Оқ атылған түні не болды?: Руслан Берденовке жасалған қастандықтың астары

21 сәуір күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуылға қатысты жаңа деректер мен күдіктінің кім екені жайлы тың мәліметтер шықты.
Orda.kz прокуратурадағы дереккөздердің мәліметін қарап шықты. Ернар Жиенбай мен Руслан Берденовтің арасындағы жанжал жақында өткен жиыннан кейін ушыққан.
Қалалық әкімдікке қарасты «Тұрғын үй құрылыс» компаниясының директоры қатысқан жиында Берденов күдіктіге ескерту жасап, залдан шығарып жіберіпті. Осыдан кейін әкімнің орынбасары «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС қызметін тексеруді тапсырып, Жиенбайды қызметінен босату туралы шешім қабылдаған. Тергеу нұсқасы бойынша, шабуылдың басты себебі — осы оқиғалар болуы мүмкін.
Жиенбай бес рет оқ атқан. Мәліметтерге қарасақ, оның мақсаты — шенеунікті өлтіру болған. Күдіктіден 10 оқ-дәрі табылған. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, шабуылды Берденовтің жүргізушісі тоқтатқан. Ол көлікпен күдіктіні қағып өткен.
Бастапқыда, Берденов оққа ұшты деген мәлімет пайда болғанда көптеген ақпарат көздерінде күдікті туралы оның бұрын қарамағында жұмыс істегені жазылды. Бұған дейін тараған полиция мәліметінде шабуыл жасауына «жұбайына тиіскені» себеп болды деген нұсқа да айтылды.
Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Әйгерім Жұмағұлова әлеуметтік желіде тараған күдіктінің әйелі мен Руслан Берденов арасындағы жақын қарым-қатынасқа қатысты нұсқаларға жауап берді.
«Жаңа ғана полиция департаментінде күдіктінің жұбайымен сөйлестім. Әйел адам куәлік беру үшін келген. Оның айтуынша, ол Руслан Берденовті мүлде танымайды, ешқашан сөйлесіп те көрмеген» деп жазды Жұмагұлова.
Respublica партиясының тең төрағасы Бейбіт Әлібековтің айтуынша, оқиға Шымкенттегі құрылыс саласындағы тәртіп орнату әрекетімен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, Берденовке оқиға болар күні қоқан-лоққы көрсетілген.
«Менің ойымша, бұл шабуыл құрылыс саласында тәртіп орнатуға қатысты. Бұны букмекерлік кеңселермен байланыстыру қисынсыз көрінеді. Бүгін ғана осы тақырыпта жиналыс өтті. Маған Русланға бұған дейін қоқан-лоққы жасалғаны жайлы ақпарат жетті» деп жазды Әлібеков.
Сонымен қатар, түрлі ақпарат көздеріне сүйенсек, ол «Сайга-12» деген аңға шығатын мылтығымен бес рет оқ атқан. Күдікті — 1994 жылы туған Ернар Жиенбай. Ол Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде маман болып жұмыс істеген.
Бейбіт Әлібековтің жазуынша, Ернар Жиенбай бұрын Руслан Берденовтің тікелей қарамағында жұмыс істеген.
«Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, оқ атқан адам әкімдікке қарасты серіктестіктің басшысы болған. Жуырда ғана қызметінен босатылған» деп жазды Әлібеков.
Күдіктінің бұрынғы сыныптастары мен таныстарының айтуынша, ол Шымкент қаласындағы №50 мектепте оқыды, бірақ бұл мектепке тек 11-сыныпта келген. Отбасының құқық қорғау органдарында таныстары бар деген дерек бар. Әкесі прокуратурада жұмыс істеген деген мәлімет те шықты.
2024 жылы Жиенбай «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры болып тағайындалған. Бұл ұйым мемлекеттік бағдарламалар аясында көпқабатты үйлерді жөндеу жұмыстарымен айналысады.
Жаңа қызметінде ол бір жылдан аз уақыт жұмыс істеген. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Күдіктінің неге шабуыл жасағаны жайлы әзірге ресми түрде мәлімдеме жасалған жоқ.
Әлеуметтік желідегі парақшасында ол жұмысқа қатысты жаңалықтарды жиі салып отырған.
Қазіргі уақытта, қарулы шабуыл жасалуына байланысты полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ, Берденов ауруханада есін жиды және сөйлеуге шамасы келеді. Алайда, оның жағдайы әлі де ауыр, бір қалыпты деп бағаланып отыр.
Еске салсақ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Оқиға 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болған. Шенеунік бірнеше жерінен жараланып, жедел ауруханаға жеткізілді.
Жаңалықтар
- Олигарх Қайрат Боранбаевтың ағасы ұсталды
- Ақтөбеде тоқ соққан оқушы жансақтау бөлімінде жатыр
- Қазақтар шоғырланған Гүлістанға әуе соққысы жасалды: Ирандағы қандастар көмек сұрады
- «Биологиялық мүшеқап»: АҚШ-та ВИЧ-ке қарсы вакцина әзірленді
- Лиза Пылаеваның ісі бойынша нүкте қойылды
- «Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс
- Желіде Атыраудағы қамысты қасақана өртегендердің бейнежазбасы тарап кетті
- Теміртаудың тумасын Ресейде мемлекетке сатқындық үшін 22 жылға соттады
- Қайрат Боранбаевтың ағасы екі жыл іздеуден кейін ұсталды
- Мұғалімді балағаттап НЗМ-нен қуылған оқушы аттестат алды
- Шерзаттың ісі: Айтбек Амангелдінің адвокаттары қомақты қаржы алғаны рас па?
- Қазақстан мен Ресей АЭС салу бойынша жол картасына қол қойды
- «Сұлтан Сүлеймен» сериалындағы атақты Рүстем паша сотталды
- «Екі аяғын кесті»: Әйелін қасақана көлікпен қаққан павлодарлық тұрғын 8 жылға сотталды
- Астанада балаларының көзінше әйелін пышақтаған ер адам терезеден секіріп кетті
- Илон Маск Ресейден саяси баспана сұрады
- Темірлан Еңсебек терроризм мен экстремизмді қаржыландыратын тұлғалардың тізіміне енді
- Сот жылдар бойы қудаланған желтоқсаншыны қуғын-сүргін құрбаны деп таныды
- Маңғыстау жеріне ұшқышсыз ұшатын дрон құлады
- Ғаламторға 16 миллиард логин және құпиясөз тарады