«Ресейлік партия керек емес»: Грузия халқы президентімен бірге митингіге шықты
Фото: Getty Images / Zurab Tsertsvadze
Грузиядағы парламент сайлауында билік партиясы «Грузин арманы» 53,92% дауыс жинады. Сайлау нәтижелерімен келіспеген оппозициялық партиялар жаппай наразылық шараларын өткізетіндерін жариялаған болатын. Қазір жұртшылық ереуілге шығып, Тбилиси полициясы ерекше әбігерге түсіп жатыр.
Orda.kz тілшісі мән-жайды саралап шықты.
Сонымен сайлаудан соң Грузияда оппозиция қайтадан парламенттік сайлау өткізу талаптарымен көшеге шықты.

Бұл бастама президенттің шақыруымен жүзеге асуда. Мыңдаған адам Тбилисидің басты даңғылы - Руставеллиді жапты.
Митингіге президент Саломе Зурабишвили де қатысты. Оппозиция мен президент «Ресейдің жақтасы» болған партияның сайлаудағы жеңісіне қарсы.
Олар «халықаралық сайлау әкімшілігі басшылығынан» жаңа сайлау өткізуді талап етіп жатыр.
«Грузин арманы» партиясына ресми түрде шамамен 1,1 миллион сайлаушы дауыс берді, бұл оған парламентте шамамен 88 орын алуға мүмкіндік берді. «Өзгерістер үшін коалиция», «Бірлік — Ұлттық қозғалыс», «Мықты Грузия» және «Гахария Грузия үшін» сияқты оппозициялық блоктар барлығы 37,5% дауыс жинап, 62 орын алады. Басқа партиялар бес пайыздық шекті жеңе алмай, парламентке кірмей қалды. «Грузин арманы» партиясының жеңісін жұрт құптамады. Оппоненттері партияны сайлауды қолдан жасады деп айыптады. Грузия президенті Саломе Зурабишвили сайлаудың өткізілгенін мойындамады.
«Мен бұл сайлауды мойындамаймын. Оны мойындау мүмкін емес. Бұл Ресейдің келуін мойындау, Грузия Ресейге бағынады дегенмен бірдей. Біз Ресейдің арнайы операциясының куәгерлері әрі құрбандары болдық. Бұл біздің халыққа, мемлекетімізге қарсы жасалған жаңа гибридті соғыстың бір түрі», — деді президент.
Зурабишвилидің пікірінше, дауыс беру нәтижелерін «Грузин арманы» партиясының пайдасына «толығымен қолдан жасап, жығып берген». Оппозициялық партия жетекшілерімен кездесуден кейін президент 28 қазан кешке Тбилиси орталығында өтетін наразылық митингін жариялады және бар азаматтарды шараға қосылуға шақырды.
Ал «Грузин арманы» партиясы Ресейге қатысты позициясына деген айыптауларды жоққа шығарып, өздерін «бейбітшілік партиясы» ретінде сипаттап, кремльмен конструктивті диалогқа ұмтылатынын мәлімдеді. Партияның алдын ала сайлау бағдарламасында премьер-министр және сайлау штабының жетекшісі Ираклий Кобахидзе ұсынғандай негізінен азаматтардың әлеуметтік жағдайы мен бюджет көлемін ұлғайту туралы айтылды. Партия тиімділігі туралы аргумент ретінде 2012 жылғы және одан кейінгі азаматтардың өмір статистикасын келтірді. Мысалы, 2012 жылғы бюджет көлемі 8,5 миллиард лари болса, 2024 жылы — 27,8 миллиард лариға жеткен. Сондай-ақ, оның айтуынша, партия арқасында жұмыссыздық 13% -ға дейін екі есе төмендеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық