Билік партиясы өзгеруі мүмкін: Грузияда парламенттік сайлау өтіп жатыр
Фото: Pixabay
Грузияда сенбі, 26 қазанда өтетін парламенттік сайлау соңғы жылдардағы ең қызу сайлау болмақ, деп хабарлайды Orda.kz News Georgia басылымына сілтеме жасап.
Сайлау өткір ішкі саяси қарама-қайшылық пен ресми Тбилиси мен Батыс серіктестері арасындағы бұрын-соңды болмаған дағдарыс жағдайында өтуде: ЕО мен АҚШ Грузия билігін демократиядан шегінді деп айыптап, қарым-қатынастарды қайта қарауға кірісті.
Дегенмен елді 12 жыл басқарған «Грузин арманы» төртінші рет парламенттік сайлауда жеңіске жетуді жоспарлап отыр.
Оның негізгі бәсекелестері – сайлаудан кейін бірлескен Еуропалық әрекет хартиясына қол қойған төрт оппозициялық топ. Олар «Бірыңғай ұлттық қозғалыс», «Күшті Грузия», «Өзгеріс үшін коалиция» және «Грузия үшін Гахария» топтары.
Грузия президенті Саломе Зурабишвили оппозицияны ашық қолдап, билеуші партияны сыртқы саяси бағытын өзгертті деп айыптады, оппозицияға бірыңғай әрекет жоспарын ұсынған да сол еді.
Парламент сайлауы күні биліктегі «Грузин арманы» партиясының негізін қалаушы және құрметті төрағасы Бидзина Иванишвили миллиардер, оппозиция жеңетін болса, халықты тағы да «соғыс» болады деп қорқытты. Ол биліктегі партияның барлық қарсыластарын «шетел агенттері» деп атады.
Оппозиция жетекшілері жақтастарын еуропалық болашақ үшін дауыс беруге шақырып, билеуші Грузин арманына билікті бейбіт жолмен беруге дайындалуға кеңес береді.
Грузия парламенттік республика, сондықтан көпшілік дауысқа ие болған партия үкімет құруға және елдің алдағы төрт жылдағы ішкі және сыртқы саясатын анықтауға құқылы.
Ешбір партия көп орынға ие бола алмаса, коалициялық үкімет құрылады.
Сауалнамалар көбіне саяси партиялардың тапсырысымен жүргізілетінін ескерсек, қайшы нәтижелер беретіні бәсенеден белгілі.
Сайлаудың алғашқы алдын ала нәтижелері сайлау учаскелері жабылғаннан кейін шамамен екі сағат өткен соң, Тбилиси уақыты бойынша 22:00-де (Астана уақыты бойынша 23:00) белгілі болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық